14
Дін мен Діл
да аулақпыз. Мақсатымыз ханафи мәзһабы мен мәтуруди
ақидасының да өзіндік шариғи дәлелдерге сүйенетіндігін
білдіріп, қазақ жерінде ғасырлар бойы халқымыздың
ынтымағы мен бірлігін сақтап, діни дүрдараздықтан аман
ғұмыр кешкен тарихын аңдату болмақ. Құдай қаласа,
кітаптың екінші томында бұл жолы қамтылмай қалған
басқа да мәселелердің жауабын жазу жоспарда бар.
Сөз соңы, Ұлы Жаратушымыздан баршамызды
ақиқаттың ауылынан адастырмай, ынтымағы жарасқан
ел болып ғұмыр кешуді, өзіне шынайы құл болып, екі
дүниеде де бақытқа қол жеткізуді нәсіп етсін деп тілек
тілейміз.
Осы кітаптың жазылуы мен жарыққа шығуына
септігі тиген баршаға алғысымды білдіріп, Жаратқанның
разылығын жалбарына сұраймын.
Қайрат Жолдыбайұлы
Алматы қаласы, 31/12/2009 ж.