10
Дін мен Діл
әу бастан әр түрлі көзқараста болған тармақ мәселелерінде
белгілі бір көзқарасты Құранның нақты үкімі секілді
қабылдау әрине қате. Шариғаттың осындай тармақ
мәселелерінде өзінің түсінген немесе үйренген
көзқарасынан өзгеше ойлайтын адамдарды жаппай ис-
ламнан шығару тәрізді сыңай таныту – адасушылық.
Шындығында, діннің тармақ мәселелерінде кеңшілік бар
емес пе? Мысалы, музыка аспабын харам деген ғалымдар
кездеседі. Ал адал деген ғұламалар бар ма? Бұған кейбір
бауырларымыз көп мән берген жоқ. Келді де
«домбыра
харам»
деді. Ең болмаса, «кейбір ғалымдар дұрыс әуенге
адал деген» деп те айтпады.
Батадан кейін бет сипаудың негізі жоқ, «бидғат» деп
түсінген бәзбір бауырларымыз дәл осы түсінігін халық
арасында жая бастады. Бет сипау – көптеген мұсылман
елдерінде бар. Ендеше олар қандай негіздерге сүйенеді?
Бет сипаудың дұрыстығын айтқан ислам ғұламалары
бар ма? Оны зерттеп-зерделеуге сәл де болса құлшыныс
танытпады. Нәтижесінде ғасырлар бойы батадан кейін
бет сипап келген халқымызға
«бет сипауға болмай-
ды»
деген пікірді айтып жүргендер өзге дінді насихат-
тап жатқандай көрінді. Содан барып халық әлгіндей
бауырларымызға түрлі айдарлар таға бастады.
«Балақты
тобықтан асып тұратындай ұзындықта киюге болмай-
ды»
деген фәтуаны ұстанған кейбіреуі елге келген соң
мұсылмандардың балағына жармасты. Осыдан барып
халық пен олардың арасында түсінбеушілік орын алды.
Осы орайда өз басымнан өткен мына бір оқиғаны
айта кеткім келеді.
Бірде маған араб елдерінің бірінде оқып жүрген жас
жігіт келген еді. Аз-кем сөйлескеннен кейін мен оған
ағалық ақылымды айта бастадым. Қарасам, шалбарының
балағын шолтитып кесіп тастаған екен. Мен оған
«Інім Қазақстан араб елі емес. Сенің мына жүрісіңді