Previous Page  8 / 288 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 8 / 288 Next Page
Page Background

8

Дін мен Діл

Кешегі ұлт санасын улап, рухани құндылық-

тарымыздан айырған кеңестік дәуірде «өлді, бітті, кел-

меске кетті» делінген Ислам діні қайта келді. Тіпті

келгенде де мүлдем өзгеше кейіпте. Құдды қыстың

күнгі ақ қардың астында қалған ағаштар көктем келіп,

күннің нұрына малынған сәтте қалай бүршік атып, ке-

лер жемісті сүйіншілегендей гүлдерін шашу етіп ша-

шып, әп-сәтте жайқала түсетіні тәрізді Ислам да кешегі

кеңестік қыстан соң лезде құлпырып шыға келді. Жас-

тарымыз көптеп мешітке бет бұруда. Олар мешіттердің

аздығынан қыстың қақаған аязына қарамастан жерге

сыртқы киімдерін төсеп, аулада намаздарын өтеп жа-

тыр. Олардың бұл іс-әрекеттеріне, нұрға толы имани

жүздеріне қарап тұрып сүйсінесің. Сүйсінесің де «дін

дұшпандарының ақпараттық түрлі жолдармен күндіз-

түні «ислам терроризмі» сынды нахақ жала жабуларына

қарамастан бұларды құдайлық нұрға жүгірткен қандай

күш? Жаһанданумен бірге келген жастық отын шарпып

өтіп, бойдағы нәпсани асау сезімдерді қытықтайтын жаңа

өмірдің қызылды-жасылды сән-салтанаты тұрғанда, олар-

ды осынау мұсылмандық парызға бет бұрғызған нендей

құдірет?» деген ойға батасың. Осы сәтте Жаратқанның:

«Кәпірлер қаламаса да Мен нұрымды сөзсіз

тәмамдаймын»

1

деген уағдалы аяты жадыңда жауап

болып жаңғырады да, бойыңды әлдебір рухани сезім би-

леп,

«Уа, құдіреті күшті Жаратқан Ием!»

деген үнмен

көңілің бір толқып тасиды.

Тәуелсіздіктен кейін жастарымыздың арасында

шет елдерге діни білім алуға кеткендері де болды. Енді

сол қарлығаштар бүгінде елімізге оралып, руханиятқа

шөліркеген халқымызды ислам құндылықтарымен сусын-

датуда. Көптеген азаматтарымыз дінді ғылыми тұрғыда

1

«Тәубе»

сүресі, 32-аят,

«Саф»

сүресі, 8-аят.