5
Дін мен Діл
пен іс-әрекеттердің біркелкі сипатын білдіреді. Бүгінгі
күні дін жанашырларының алдында тұрған міндет –
осы екеуінің біріккен тұсын таба біліп, халыққа діннің
де, дәстүрдің де ортақ тіл табысатын игіліктерін ашып
көрсету болып отыр.
Сондықтан аталмыш еңбекте
«Мәзһаб ұстану
неліктен қажеттілік?», «Оқылған Құранды бағыштауға
бола ма?», «Мәуліт бидғатқа жата ма?», «Музы-
ка тыңдау харам ба?», «Әлем пайғамбарымыздың
құрметіне бола жаратылған деген сөз дұрыс па?»
деген
секілді бірқатар қазіргі қоғамда тұшымды жауабын тап-
пай отырған діни мәселелерге жауаптар қамтылған.
Кітапқа көз жүгірткенімізде, ұзақ жыл Мысыр елінде
араб тілін жетік меңгергені автордың қажетіне жарағанын
көреміз. Бұны араб тіліндегі сексенге жуық ислами құнды
дереккөздерін еркін қолданғандығынан байқаймыз. Бұл
үлкен біліктілікті талап ететін, әрбір дін маманының тісі
бата бермейтін жайт.
Қорыта келгенде, мақалаларымен түрлі діни
тақырыптарға қалам тартып, БАҚ-тағы үгіт-насихат
жұмыстарымен халықтың рухани сауатын арттыру жұ-
мыстарына белсене кірісіп жүрген Қ. Жолдыбайұлының
«Дін мен діл» кітабы – қазіргі қоғамның сұранысы мен
талабынан туған таптырмайтын еңбек. Ылайым, дінімізге
тыныштық, халқымызға амандық тілеймін! Ел іргесі
бүтін, ауызбіршілігіміз мықты болсын!
Шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі
Қазақстан мұсылмандары
діни басқармасының төрағасы,
Бас мүфти