7
Кіріспе
Бисмиллаһир-рахманир-рахим!
Адамзаттың адаспай Ұлы Иесін табуы үшін ғалам
атты алып кітап жаратып, ондағы әрбір жаратылысты
Өзінің құдайлығын паш етер жеке-жеке мөр, құдіреті
мен шеберлігін нақыштаған бөлек-бөлек өрнек етіп
безендірген Алла Тағалаға шексіз мадақ арнап, жан-
тәнімізбен мақтау айтамыз. Осынау ғалам атты алып
кітапты адамзаттың қатесіз оқуы һәм ақ пен қараны
ажыратып, жаратылуындағы асыл міндеті мен мақсатын
айқындауы үшін қолына Құран атты пәрмен беріліп, ар-
найыелші етіпжіберілгенжаратылыстың гүлзәры, Хақтың
сүйікті құлы – соңғы пайғамбар, ұлы ұстаз Мұхаммедке
(саллаллаһу алейһи уә сәллам) сансыз сәлем жолдап, шын
жүректен салауат айтамыз. Сондай-ақ, Алла елшісінің
(саллаллаһу алейһи уә сәллам) пәк отбасы мен ардақты
сахабаларына Жаратқанның игілігін тілейміз.
Ислам діні – соңғы дін, Мұхаммед пайғамбар
(с.а.у.) – ақырғы елші. Алла Тағала Құранда өзінің нұрын
тәмамдайтындығын уәде еткен. Міне, сондықтан ғасырлар
қойнауында Ислам дінінің басынан қаншама нәубет, небір
сұрапыл замандар өтсе де, әлі күнге дейін ол өзінің пәктігі
мен өзіне тән ерекшелігін жоғалтқан емес. Қайта уақыт
өткен сайын бір түлеп жаңарғандай адамзаттың көңіліне
көктем сыйлауда. Адамзат одан алыстаған сайын өздерінің
қаншалықты құдайылық нұрдан қашықтағандықтарын
сезіне түсуде. Сезінген сайын бұл иләһи нұрға құштар
ұлты мән нәсілі бөтен, тілі мен ділі өзге, тіпті діні бөлек
жандардың қатары күннен күнге көбейе түсуде.