4
Дін мен Діл
қоян тапқандай» жаңалық ашып, байыпсыз пікірлер тара-
туды әдетке айналдырды. Осы пікірлерге еріп, дәстүрлі
құндылықтарды жатсынып, қырын қарайтындар да пайда
бола бастағаны жасырын емес. Ал бұның ел ынтымағына
қатер төндіріп, мұсылмандардың татулығына сына
қағары белгілі. Себебі, көптеген жерлерде осындай
біржақты түсініктердің нәтижесінде мұсылмандар ара-
сында түрлі түсініспеушіліктер орын алып, арты дау-
дамайға, ренішке соқтырып жатқан жағдайлар да кезде-
суде. Сонда ғасырлар бойы халқымыздың ұстанып келе
жатқан ханафи мәзһабы мен мәтуруди ақидасы һәм озық
дәстүрлеріміз бен әдет-ғұрыптарымыз іске жарамсыз
болып қалмақ па? Халқымыздың дәстүрлі мәдениеті
мен әдет-ғұрпы дінге қатер туғызып отыр ма? Аясы-
на түрлі ұлттар мен ұлыстарды қамтыған Ислам діні әр
елдің өзіндік салт-дәстүрін қалай реттестірген? Ханафи
мәзһабының ерекшелігі неде? Міне, осының аражігін
ажырату қазіргі өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Осы орайда, Құран аяттары мен хадистер негізінде, діни
ереже-қағидаттар аясында осы сұрақтарға кең көлемді
әрі нақты жауаптар берілген «Діл мен діл» кітабының
қазіргі қоғамға қаншалықты қажет екені сөзсіз. Өйткені
еңбек қоғамдағы жауабын таппай отырған осындай келелі
сұрақтарға жауапқа құрылған.
Осы тұрғыдан келгенде, кітаптың аты да затына сай
қойылған деуге болады.
Дін адамға екі дүние де дұрыс өмір сүрудің, Хақтың
разылығына бастайтын ереже-қағидаларды қамтыған
иләһи бұйрықтар мен тыйымдар жиынтығын құраса, діл –
халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан дүниетанымы мен
салт-дәстүрін, менталитеті мен әдет-ғұрыптарын, тұрмыс-
тіршілігінің ерекшеліктері мен өзіндік ойлау жүйесін, жан
дүниесін, адамдардың белгілі бір қоғамдастығына тән,
нақтылы тарихи-мәдени ортада қалыптасқан мінез-құлық