Previous Page  11 / 288 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 11 / 288 Next Page
Page Background

11

Дін мен Діл

көпшілік дұрыс түсіне бермейді. Бір балақтың кесірінен

уағызыңның пәрмені азайып кетеді. Балақты қысқа етіп

кию – бәлкім үстіне ұзын ақ көйлек, астыңғы жағына

тобыққа жетпейтін штан мен жалаң аяқ тәпішке киген

климаты ыстық араб жерінде өзінше жарасып-ақ тұрар.

Алайда бізде үстіңе костюм киіп, шалбарының балағын

шолтитып қысқартсаң көзге ерсі көрінеді дегендей шы-

найы жанашырлық ниетімді айттым. Балақты тобықтан

асырып киюге болатындығына байланысты бірқатар

ислам ғұламаларының көзқарастарын да келтірдім.

Қарасам, әлгі жігіт менің айтып отырған сөздеріме де, ис-

лам ғұламаларының пікірлеріне де назар аударар сыңайы

жоқ. Мен дереу оған кітап сөрелерімдегі Ибн Тәймияның

жиырма томдық фәтуалар жинағынан «Балақты тобықтан

төмен түсіріп киюдің харамдығы тәкәппарлық ниетіне

байланысты» деген мәндегі фәтуасы жазылған бетін аш-

тым да, «Ибн Тәймияның мынандай да фәтуасы бар, оқып

көрші» дедім. Әлгі жігіт Ибн Тәймия дегенде барып селт

етті. Оқып болғаннан кейін «Мен Ибн Тәймияның мұндай

фәтуасы бар екенін білмеппін» дегендей сыңай танытты.

Мен қатты таңғалдым. Ислам әлемінде Ибн Тәймиядан

басқа қаншама ғалым, ғұлама бар. Ибн Тәймияны

қателеспейтін тұлға іспетті көру, оның айтқандарынан

өзгеше ойлауды исламнан шығу секілді сыңай таныту

әрине қате пікір әрі ғылыми ұстанымға да жатпайтын

біржақты қыңырлық.

Белгілі бір ғалымдардың пікірінен өзгеше ойлауды

исламнан шығудай көретін немесе мүлдем қате санай-

тын әлгіндей бауырларыма пайдасы тиер деген ниетпен

осы кітапта кей мәселелерді түсіндіру барысында діни

көптеген көзқарастарына қосылмасақ та, Ибн Тәймия,

Насруддин Әлбани секілді тұлғалардың пікірлерінен де

үзінділер келтірдім.