23
Неліктен Әбу Ханифа кейбір сахих
хадистермен амал етпеген? Әбу
Ханифаның «сахих хадис көрсеңдер,
сол менің мәзһабым» деген сөзі бар
емес пе?
Әуелі, Әбу Ханифа хадис ілімін жете меңгерген
заманының шоқтығы биік ғалымы екенін ұмытпауымыз
қажет. Бұл жайлы хадис ілімінің сұлтаны әл-Бухаридің
шейхы саналатын Йахия ибн Адам:
«Нұғман (Әбу
Ханифа) өлкесіндегі барлық хадистерді жинады.
Пайғамбарымыздан (с.а.у.) қандай нәрсе алынса да,
ақырына дейін зерттейтін»
, – десе, Әл-Бухаридің
рауилерінен Хасан ибн Салих:
«Әбу Ханифа насих пен
мәнсұхты өте жақсы зерттеген, әрі куфалықтардың
арасында хадистерді ең жақсы меңгерген, сондай-
ақ, көпшілік жамағаттың ұйыған нәрселерін берік
ұстанатын және өлкесіне жеткен барлық хадистер
мен әсәрларды жаттайтын адам еді»
10
, – деп Әбу
Ханифаның хадис ғылымындағы ерекше орнын айтқан.
Ал енді оның кейбір сахих хадистермен амал
етпеуіне келер болсақ, ханафи мәзһабында әр сахих хадис
дәлелге жатпайды. Яғни, сахих хадистердің өзі арнайы
шарттар арқылы ғана дәлелге саналады. Осы шарттардың
кейбіреуін бірер мысал бере отырып түсіндірмес бұрын
мына терминдерге түсінік бере кетейік:
10
Исмайл Хаккы Унал, Имам Әбу Ханифенің хадис анлайышы ве
ханафи мезһебинин хадис методы, 56-57 бет.
«Дианет ишлери
башканлыгы иайынлары»,
Анкара, 1994 ж.