24
Дін мен Діл
Сахих хадис – «әділет (тақуалық пен адамгершілік
қасиеттер) және дабт (жақсы есте сақтау мен терең түсінік)
сипаттарына ие кісілердің үзілмеген шежіре бойынша ри-
уаят еткен және шәәзз
11
бен міндерден аман хадистері;
Мутауатир хадис – әдейі немесе білместіктен жалған
ақпаратта бірігулері мүмкін емес бір үлкен жамағаттың,
екінші бір сондай жамағатқа риуаят еткен хабары;
Ахад хадис – мутауатир хадисте талап етілген көлем-
ге жетпейтін аз ғана кісілердің риуаят еткен хабары.
Ханафи мәзһабында сахих хадистердің қабылдану
шарттарының кейбірі мынандай:
Бірінші шарт:
«Ахад»
жолмен жеткен сахих хадистің дәлелге са-
налуы үшін ондай хадистің Құранның және мутауатир
хадистердің жалпылықты білдіретін үкімдеріне қайшы
келмеуі керек. Яғни,
«ахад»
жолмен жеткен сахих хадис
– Құранның, яки, басқа «мутауатир» сахих хадистердің
білдірген үкімдерінің жалпылығын (ъамм) кейбір
жағдайларға байланысты жалқылай (тахсис) алмайды.
Мысалы, Құранда:
«Сөзсіз намаз мүміндерге
арнайы белгіленген уақыттарда (оқылуы) парыз
етілді»
12
, – деп, әрбір намаздың жеке уақытының бар
екендігі білдірілген. Сондай-ақ, көптеген мутауатир са-
хих хадистерде де әр намаздың жеке уақытының бар
екендігі әрі әрқайсысының белгіленген өз уақытында
оқылуы керектігі жайлы айтылған. Яғни, Құранда да, му-
тауатир хадистерде де әр намаздың жеке уақытының бар
екендігі білдірілген. Ал енді осы үкімнің жалпылығын,
яғни әр намаздың жеке уақытта оқылуының парыздығын
жолаушылық секілді кейбір жағдайларға байланысты
11
Шәәзз - сенімді бір риуаятшының өзінен де сенімді басқа
хадис жеткізушілердің риуаят еткен хадистеріне қарама-қайшы
мағынада жеткізген оқшау хадисі.
12
«Ниса»
сүресі, 103-бет.