30
Дін мен Діл
керісінше, ахад жолмен риуаят етілген сахих хадистерді
қабылдаудағы аса сақтығынан. Яки сол хадиске қайшы
басқа бір сахих хадисті негізге алғандығынан. Немесе
ол сахих хадисті басқа бір қырынан түсінгендігінен деп
білуіміз қажет. Ал енді белгілі бір мәселеге байланысты
кейбір сахих хадистер Әбу Ханифаға жетпеуі де мүмкін
ғой деген уәжге жиырма бір томдық
«Иълааус-сунан»
атты мәшһүр кітаптың авторы Зафар Ахмад әл-Ъусмани
әт-Таһанауи былай деп жауап береді: «Ханафи мәзһабы
дегеніміз – Әбу Ханифаның берген пәтуалары мен
пікірлерінің жиынтығы ғана емес, Әбу Ханифаның пәтуа
шығаруда қолданған негізгі ережелер бойынша ғасырлар
бойы мүжтаһид ғалымдардың шығарған пәтуларының
жиынтығы екені сөзсіз. Белгілі бір мәселеге байланы-
сты амал етілуге тиісті риуаят етілген сахих хадис Әбу
Ханифаға жетпеген күннің өзінде Мұхаммед, Әбу Юсуф,
Зуфар ибн Һузайл, ибн Мүбәрак секілді шәкірттері ха-
дис ілімінің жазылған шағына үлгерді. Одан кейінгі
уақыттарда Ханафи мәзһабын ұстанған әт-Тахауи, әл-
Кархи, «әл-Кафидің» авторы әл-Хаким, Абдул-Бақи ибн
Қаниъ, әл-Мустағфири, ибнуш-Шарқи, әз-Зайлаъи секілді
басқа да хадис ілімінің білгірлері мен сыншылары хадис
ғылымының кемелденіп, нақтыланған заманында өмір
сүрген. Сондықтан, олар хадистердің сахихы мен әлсізіне,
мәшһүрі мен ахадына көз жеткізді. Міне, сондықтан Әбу
Ханифаның сахих хадистерге қайшы қияс жолымен бер-
ген барлық пәтуаларын Мұхаммед, Әбу Юсуф, Зуфар,
әл-Хасан секілді шәкірттері тәрк қылды. Тіпті, бұлар Әбу
Ханифаның берген пәтуларының жартысында басқаша
пікір білдірген. Міне, сондықтан Ханафи мәзһабы Әбу
Ханифа мен қоса осы кісілердің берген пәтуаларының
жиынтығы болмақ. Тіпті, ханафи мәзһабын ұстанған
кейінгі хадис ілімінің білгірлері кейбір мәселеде Имам