33
Бір мәселеде түрлі пікірлердің
болуының қандай пайдасы бар?
Ислам діні – белгілі бір уақытқа ғана емес, қияметке
дейін жалғасатын жүйе һәм нақтылы бір қауымға ғана
емес, жер бетіндегі барша адамзатқа жіберілген ақырғы
дін. Ал мұндай діннің еш өзгермейтін негізгі (кулли)
ата заңдарының жанында кейбір тармақ мәселелері
адамзаттың ой-өрісінің жетілуі, заманының жыл-
жуы, шарттар мен жағдаяттардың әрқилы болуы-
на байланысты өзгеру мүмкіншілігіне ие боп келеді.
Сондықтан, Пайғамбарымыз (с.а.у.):
«Үмбетімнің
(кейбір мәселелерде) әртүрлі көзқараста болуы –
рақымдылық»
деген. Себебі, адам мен заман, қоғам мен
ахуалдың түрлі болуы – тармақ мәселелерде біргейлікті
қабылдай бермейді. Міне, сондықтан мәзһаб ғұламалары
діннің ата заңдары шеңберінде қоғамның менталитеті
мен жағдаятын ескере отырып, кейбір тармақ
мәселелерде түрлі үкімдер шығарған. Ал егер тармақ
мәселелерде жаппай бірегейлік болғанда, мұсылмандар
кей жағдайларда қиындыққа тап болар еді.
Мысалы, жоғарыда да білдіргеніміздей, Ханафи
мәзһабында екі намазды біріктіріп қосып оқу тек қажылық
мезгілінде Арафат пен Муздәлифәда ғана рұқсат етілген.
Бұдан тыс жолаушылық секілді себептерге байланысты
қосып оқи алмайды. Бірақ басқа мәзһабтарда сапарда екі
намазды қосып оқуға рұқсат. Осы мүмкіншілікті негізге
ала отырып, Ханафи мәзһабындағы кісі ұзақ сапар кезінде
көпшілікке арналған көлікте болғандықтан, дәрет алып на-