39
Дін мен Діл
Имам Ахмадтың көзқарасы бойынша, мұрын қанаса
немесе денеден қан алдырған жағдайда дәрет бұзылады
Кейбір кісілер Ахмед ибн Ханбалға:
«Сізге намаз
оқытайын деп тұрған адамның денесінен қан шықса,
сөйте тұра ол дәретін қайталап алмаса, ондай имамның
артына тұрып намаз оқисыз ба?»
деп сауал қояды.
Имам Ахмед болса:
«Имам Малик пен Саъид ибн Му-
саййаб секілді адамдардың артында тұрып қалай намаз
оқымаймын»
,– деп жауап берді
22
. Имам Малик пен Саъид
ибн Мусаййабтің көзқарасы бойынша, денеден шыққан
қанның салдарынан дәрет бұзылмайды.
Міне, ғұламалардың арасындағы әртүрлі көзқарас
пен мәзһаб ерекшелігі бір-біріне деген сыйластықтарына
сызат түсірмейтін.
Христиандар мен еврейлер екеуі екі бөлек халық,
діндері де екі бөлек. Ғасырлар бойы бір-біріменшайқасып,
қырқысып келген. Бірақ осындай діндері де, ұлттары да
екі бөлек бір-бірімен ғасырлар бойы соғысып келген екі
халық мұсылмандарға қарсы күресте тарихтарындағы
соғыстарын, бір-біріне деген ыза-кектерін ұмытып,
бірігіп ынтымақтаса білді. Ал енді мұсылмандардың бол-
майтын тармақ мәселелерінде қызылкеңірдек болып, бір-
бірін ренжітіп, бүлік шығаруларына не демекпіз. Барлық
мұсылмандардың Жаратушылары – бір, Құрандары – бір,
Пайғамбарлары – бір, сүнннеттері – бір, намаздары –
бір, ораза-зекеттері – бір, Қағба-құбылалары – бір, тіпті,
дұшпандары да – бір, осындай ортақ мәселелері бола
тұра
«намазда қолыңды Ханафи мәзһабы бойынша емес,
біздікі сияқты байла, құныт дұғасын олай емес, бұлай
оқы»
деу сияқты түймедей мәселелерді түйедей етіп,
22
Шәйх Ахмад Шаһ Уәлиуллаһ ибн Абдир-Рахим әд-Дәһлауи,
Хужжатуллаһил-Бәлиға, 1-том, 296-бет.
«Дарул-кутубил-ъилмия»
баспасы, Бәйрут, 1995 ж.