35
Дін мен Діл
мәсіх тартуды соңына қалдырар еді дейді. Ханафилар:
«Үш жуудың ортасына мәсіх тартудың кіруі реттіктің
парыздығын білдіру үшін емес, керісінше, қол мен жүзге
бас жақын болғандықтан, аяқтан бұрын басқа мәсіх
тарту айтылған»
деген қарсы уәж айтады. Бірақ ха-
нафи мәзһабында ретпен жуу парыз болмағанымен,
сүннет амалға жатады. Енді, осы мәселеде екі түрлі
көзқарастың болуы мұсылман үмбеті үшін рақымдылық.
Мысалы, дәрет алуда ағзалардың рет бойынша жуылуын
парыз санайтын Шафиғи мәзһабын ұстайтын бір адам
қоғамдық қол жуғышта аяқ жууды тыйым салатын бір
мекемеде жүргенде дәретін Ханафи мәзһабы бойынша
алу арқылы бұл қиыншылықтан шығуына болады. Яғни,
Ханафи мәзһабында ағзаларды реті бойынша жуу парыз
болмағандықтан, ең әуелі дәретханада аяғын жуып, со-
сын қоғамдық қол жуғышта қолы мен бетін жуып, басына
мәсіх тарту арқылы дәретін тәмамдаса болады.
Тура тапқанға – екі, қателескенге
бір сауап
Негізінде, Ислами мәселелер
«Муттафақун а`лайһ»,
«Мухтәлафун фиһ»
деп екіге бөлінеді. Біріншісі – нақты,
бұлтартпас дәлелдермен дәлелденген барлық Ислам
ғұламаларының бір көзқарастағы мәселелері. Мыса-
лы, Алланың жалғыздығында, соңғы пайғамбардың
Мұхаммед
(с.а.у.)
екендігінде,
намаздың
бес
уақыттығында, зекеттіңпарыз екендігінде т.б. осысияқты
мәселелерде жалпы мұсылмандар арасында еш талас-
тартыс жоқ. Мұсылмандардың бір көзқараста болған
осындай мәселелеріне қарсы шыққан адамға:
«Сенікі
дұрыс емес, сен адасудасың»
,– деп айта аламыз. Бірақ
«Мухтәлафун фиһ»
, яғни мұсылмандардың әу бастан әр
түрлі көзқараста болған тармақ мәселелерінде белгілі бір