Previous Page  37 / 288 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 37 / 288 Next Page
Page Background

37

Дін мен Діл

(с.а.у.) намазын қайта оқымаған адамға: «Сен, менің

сүннетімді дөп бастың, оқыған намазың жарамды дейді.

Ал қайталап оқыған сахабасына: «Саған екі сауап жа-

зылды», – дейді»

19

.

Жоғарыдағы оқиғадан байқағанымыздай, Пайғам-

барымыз (с.а.у.) намазын қайталап оқыған адамға

«сен,

қателестің»

демейді. Керісінше,

«саған екі сауап жазыл-

ды»

деп, ижтиһад нәтижесінде қателескен болса да кей

жағдайдаАлланыңрақымыменекі сауапжазылатындығын

сүйіншілеген.

Имам әл-Бухари өзінің хадис жинағында Абдул-

ла ибн Омардан мынандай оқиғаны риуаят етеді:

«Алла

елшісі (с.а.у.) Хайбар соғысы аяқталғаннан кейін саха-

баларына: «Екінді намазын тек Бәни Құрайзаға барып

оқыңдар», – деп бұйырады. Жолда екінді намазының

уақыты кіреді де, кейбір сахабалар намазды Бәни

Құрайзаға барғаннан кейін оқимыз дейді. Ал енді

біреулері: «Пайғамбарымыздың (с.а.у.) «Екінді нама-

зын тек Бәни Құрайзаға барып оқыңдар» дегені – бізге

тезірек барыңдар дегені. Сондықтан, біз оқып аламыз»,

– деп жолда намаздарын өтейді. Кейін бұл жағдай

Пайғамбарымызға (с.а.у.) айтылғанда Пайғамбарыз

(с.а.у.) ешкімді кінәламады»

20

.

Иә, Алла елшісі (с.а.у.) ешбір сахабасын кінәламады.

Неліктен? Себебі, екінді намазын жолда оқымаған

сахабалар Пайғамбарымыздың (с.а.у.)

«Екінді на-

мазын тек Бәни Құрайзаға барып оқыңдар»

деген

бұйрығын тікелей түсінген-ді. Ал екінді намазын жолда

оқығандары болса, Алла елшісінің сөзінің астары мен

мақсатынан

«Бәни Құрайзаға кешікпей тезірек бару

19

Сунану Әби Дәәуід, 1-том, 93-бет.

«Дәрул-фикр»

баспасы.

20

Сахихул-Бухари, 1-том, 321-бет. Дәру Ибни Кәсир баспасы,

Бәйрут, 1987 ж.