42
Дін мен Діл
мәзһабындағы бір мұсылманның қажылық міндеттерінің
бәрін бір жаққа жинастырып қойып, намазда
«әминді»
жария айтатын басқа мәзһабтағыларға,
«сендердің
бұларың дұрыс емес, әминді іштен айту керек»
деп
өзінше дәлелдеуге тырысып, бос әурешілікке түсіп
жүрген өресі төмен сауатсыз адамнан да жаман.
Құранда
бірнеше
жерде
«басшыларыңа
бағыныңдар»
делінеді. Қазақстан мұсылмандары діни
басқармасы – отанымыздағы барша мұсылмандардың
қара шаңырағы. Сондықтан ел бірлігін сақтап, түрлі
бүлікке жол бермеу үшін жеріміздегі барша мұсылмандар
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының берген
пәтуаларын негізге алғаны жөн.
Тарихта мұсылмандардың әлсіреулері, басқаларға
жем болулары тек араларындағы ынтымақтың
құлдырауынан болған. Испания, Құдыс, Вена, Бұхара
секілді мұсылман орталықтары да осындай себептерден
құлаған. Македониялық Ескендір Иран мен Иракты
басып алғаннан кейін екі өлкенің халқын тегіс қырып
тастағысы келеді. Алайда ұстазы Аристотель оған:
«Бұлай істеме, екі халықты жоқ етудің тиімді тәсілі
– араларына бүлік кіргізіп, бір-біріне айдап салу»
деген
екен. Шынымен-ақ, екі елдің арасына іріткі салу арқылы
екі мемлекет те қатты әлсіреген көрінеді
23
.
Міне, сондықтан енді-енді ғана тәй-тәй басып,
мұсылмандық шарттарын жаңадан үйреніп жүрген аз
ғана халқымыздың арасында бәрінен бұрын бірлік пен
ынтымақ қажет.
Сөз түйіні, ғибадатта негізгі мәселе, сыртқы форма
емес, құлшылық болғандықтан, уақытымызды қолыңды
алай байла, бұлай байла сияқты ұсақ-түйек нәрселерге
23
Әбдул Желил Жандан, Мүслүман Ве Мезһеб, 13-бет.
«Елест»
баспасы, Стамбул, 2004 ж.