Previous Page  47 / 288 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 47 / 288 Next Page
Page Background

47

Дін мен Діл

қуылған шайтаннан Аллаға сыйын»

26

деп бұйырылған.

«Әғузу»

дұғасы осы ерекшелігіне қарамастан намазда

құпия айтылады. Сондықтан әминнің де құпия айтылуы

абзал. Себебі,

«әмин»

Құранның сөзі емес.

4. Бұған қоса, бізге жеткен ешбір хадисте

пайғамбарымыздың (с.а.у.)

«әминді дауыстап айтыңдар»

деп кесіп айтқан бұйрығы жоқ. Керісінше,

«имам

уәләддаллин деген кезде «әмин» деп айтыңдар»

делінген.

Ал Бухари және Муслимдегі

«Имам әмин деген кезде

сендер де әмин деңдер»

деген хадиске келер болсақ, бұл

хадис те «әминнің жария айтылуына нақты дәлел емес.

Себебі, бұл хадистегі «

имам әмин деген кезде»

тіркесін

Ханафи және Мәлики ғұламалары және басқа да Хафиз

Ибн Хажар секілді хадис ғұламалары:

«Имам «әмин»

дейтін жерге келгенде яки «әмин» деп айтайын деген

кезде»

деп түсінген.

«Әмин»

сөзін имам мен жамағаттың

бір сәтте айтуы үшін осылай түсінілуі қажет. Бұлай

болмағанда, имам

«әмин»

деп қойғаннан кейін ғана

жамағат

«әмин»

дей алады. Оған дәлел басқа бір хадис-

те

«имам тәкбір алғанда, сендер де тәкбір алыңдар»

делінгендіктен, имам тәкбір алғаннан кейін барып жама-

ғат тәкбір алады. Имамның тәкбірінен жамағаттың тәкбірі

сәл кеш айтылатыны мәлім. Жоғарыда келтірген

«Имам

уәләддаллин деген кезде, әмин деңдер»

деген хадис пен

«Имам әмин деген кезде, әмин деңдер»

деген осы екі

хадистің мағыналарындағы қарама-қайшылықты болдыр-

мау үшін Ибн Хажар әл-Асқалани осылай жорамалдау

керек деген

27

. Пайғамбарымыздың (с.а.у.)

«Имам әмин

деген кезде»

деген тіркесін

«Имам «әмин» деп айтайын

деген кезде»

деп түсінуіміздің тағы мынандай негізі бар.

Барлық ғұламалар Құрандағы:

«Намазға тұрған кезде

26

«Нахл»

сүресі, 98-аят.

27

Мухаддис Зафар Ахмад, Илаус-сунан, 2-том, 231-бет.