Previous Page  40 / 288 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 40 / 288 Next Page
Page Background

40

Дін мен Діл

«менің таңдаған көзқарасыммен жүрмедің»

деп жүрегін

ыза мен кекке бұқтыруы қандай ағаттық десеңізші!

Өз басым

«Намазда «Фатихадан» кейін, әминді

іштей айту дұрыс емес, жария айту керек», «Намазда

қолды бір-ақ рет емес, рүкуғқа бара жатқанда және

қайтқан кезде де көтеру керек»

деп намазын енді-

енді оқып жүрген діни сауаты төмен жандардың басын

қатырып, қоғамда бүлік шығарып жүрген адамдарға

қатты налимын. Себебі, мұндай адамдардың көтеріп

жүрген бұл мәселелері ислам дінінің негізгі мәселелері

емес. Бұған қоса Ханафи мәзһабы бұл үкімдерді түс көріп

түсінген жоқ. Қиялға салып, ойдан шығармады. Барлық

мәселеге Құран мен сүннеттен дәлел бар. Олай болса,

халықтың ғасырлар бойы ұстанған мәзһабын жамандап,

жаңа мәзһабты тықпылауға тырысудың жұрттың басын

қатырып, шатастырудан, ел ішіне іріткі салудан өзге

қандай пайдасы бар?! Қырық жыл тынымсыз күрестің

нәтижесінде халыққа әминді жария айтқызып, үтірді бір

рәкат оқытсақ, халқымыздың дүниелік барлық мәселелер

шешіліп, ақыретте бәрі жұмақтық бола ма? Жоқ, әлде

бұл мәселелер қабірде сұралып, ақыретте есеп беретін

маңызды мәселелер ме екен? Құранның қай аятын-

да, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) қай хадисінде «әминді

жария оқымайтындар жұмаққа кірмейді, қолдарын

көтермейтіндер қабірде азап шегеді» деген жері бар?! Ал,

олай болмаса, біз күш-қуатымызды қайда жұмсаудамыз?!

Тәйірі, халықтың ықылым заманнан үйренген мәзһабын

мәнсұқ етіп, екінші бір жаңа мәзһабты кіргізудің бүлік

шығарудан өзге нендей жемісі бар?

Ханафи мәзһабы біздің кез-келген мәселелерімізді

шешетіндей бай, барша қажеттілігімізді өтейтіндей

қолайлы. Себебі, бұл мәзһаб бүгін шыққан тегі жоқ

жаңа ағым емес. Тарихы бар, сүйенген негізі бар. Бұл