36
Дін мен Діл
көзқарасты таңдаған адам басқа бір көзқарастағы адамға:
«Сендердікі дұрыс емес, тек қана біздікі дұрыс, біздің
жол – ақиқат жолы, сендер, адасып жүрсіңдер»
,– деп
айта алмайды.
«Меніңтаңдағаным, меніңше, дұрысырақ»
,
– деп қана айта алады. Өйткені барлық мәзһабтың өзіндік
шариғи дәлелдері болғандықтан,
«тек қана менікі дұрыс»
деу – мұсылмандар арасында бүлік шығарып, өзара
қырқысуға әкеліп соғады.
Пайғамбарымыз (с.а.у.):
«Кімде кім ижтиһад
етудің нәтижесінде ақиқатты дөп басса, онда оған екі
сауап беріледі. Ал қателессе, бір сауап беріледі»
18
, – деп
ижтиһад етуге лайық адамдардың берген пәтуларында
кем дегенде бір сауаптың бар екендігін сүйіншілеген.
Сондай-ақ Пайғамбарымыздың (с.а.у.) бұл хадисінен
«менікі ғана дұрыс, сен адасудасың»
деген бүлікке себеп
болар түсініктің де қате екенін ұғамыз.
Сахабалардың да, одан кейін келген табиғиндардың
да арасында діннің кейбір мәселелерінде әртүрлі
көзқарастар болмай тұрмайтын. Мысалы, Әбу Саъид
әл-Худри мынандай қызық оқиғаны риуаят етеді:
«Бір
күні екі кісі сапарға шықты. Жолда намаз уақыты
кірді. Бірақ әлгі екі кісі дәрет алатын су таба алмады.
Сөйтіп, екеуі де таза топыраққа тәйәммүм соғып, на-
маздарын оқиды. Алайда оқыған намаздарының уақыты
шықпай тұрып, су табылып қалады. Осы жағдайдан
кейін әлгі екі сахабаның біреуі уақыт шықпай тұрып
су табылғандықтан, тәйәммүммен оқыған намазының
дұрыс болмағанын ойлап, дәрет алып, намазын қайта
оқиды. Ал екіншісі тәйәммүммен оқыған намазым
жеткілікті деген ниетпен намазды қайта оқымайды.
Осыдан кейін екеуі Пайғамбарымызға (с.а.у.) келіп, бас-
тарынан өткен жағдайды баяндайды. Пайғамбарымыз
18
Сахихул-Бұхари, 6-том, 2676-бет.
«Дару ибни Кәсир»
баспасы,
Бәйрут, 1987 ж.