Previous Page  66 / 288 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 66 / 288 Next Page
Page Background

66

Дін мен Діл

тын қалың әрі мықты шұлық. Кейбір адамдар ханбали

ғалымдарының шұлыққа

«мәсіх тартуға болады»

деген

сөзін дұрыс түсінбегендіктен жүруге жарамайтын жұқа

шұлыққа да мәсіх тартуды дұрыс санап жүр.

Алайда көрнекті ғалым Абдуллаһ ибн Ахмад ибн

Қудама

«әл-Муғни»

атты кітабында Имам Ахмадтың:

«Аяқта өздігінен мәсі тәрізді тік тұратындай қалың

емес байпаққа мәсіх тартуға болмайды. Ал кейбір

адамдардың шұлыққа мәсіх тартуының астарында – ол

шұлықтардың мәсі тәрізді (аяқ киімсіз) жүріп тұруға

жарайтындай болуынан»

деп мәсіх тартуға болатын

шұлықтың жұқа емес, қалың шұлық екенін айқындап

айтқан сөзін жеткізді

50

.

Бұған қоса, Ханбали мәзһабының белді ғалымы

Шәмсуддин ибн Қудама

«әш-Шархул-кәбир»

(кең

түсіндірме) атты кітабында:

«...Егер өздігінен (бай-

лаусыз) аяқта тік тұратын әрі жүруге жарайтын

(шұлық) болса, оған мәсіх тартуға болады. Ал жұқа бол-

са болмайды»

51

– деп Ханбали ғалымдарының

«шұлыққа

мәсіх тартуға болады»

деген пәтуаларындағы шұлықтың

жұқа емес, жүруге жарамды қалың әрі мықты шұлық

екенін айқындап түсіндірген.

Ибн Тәймия да шұлыққа мәсіх тарту мәселесінде хан-

бали мәзһабынан шықпаған. Сондықтан ол да аяқ киімсіз

жүруге жарамайтын жұқа шұлыққа мәсіх тартуды дұрыс

санамаған. Ибн Тәймия өзінің

«Мәжмуъатул-фәтәәуа»

атты пәтуалар жинағында

«мәсіге мәсіх тартқанымыздай

шұлыққа да мәсіх тартуға бола ма?»

– деген сұраққа:

«Иә, табаны терімен қапталса да, қапталмаса да егер

жүруге жарамды болса, болады...»

52

-деп жауап берген.

50

Абдуллаһ ибн Ахмад ибн әл-Қудама, әл-Муғни, 1-том, 182-бет.

«Дәрул-фикр»

баспасы, Бәйрут, 1985 ж.

51

әш-Шархул-кәбир, 1-том, 281-бет.

52

Ибн Тәймия, Мәжмуғату фәтаауаа, 11-том, 123-бет.

«мәктабатул-

ъабикан»

баспасы, Риад қаласы, 1998 ж.