76
Дін мен Діл
Жоғарыдағы келтірген хадистердің барлығының
дәрежесі әр хадисті жеке алғанда
«әлсіз»
. Бірақ әлсіз
хадис басқа да риуаяттармен келер болса, бірін-бірі
қуаттағандықтан хадистердің жалпы топтамасы
«хасан»
дәрежесіне жетеді. Ал
«хасан»
дәрежесіндегі хадиспен
амал етуге әбден болады. Сахих Бухариге
«Фатхул-
бари»
атты кең түсіндірме жазған Хафиз ибн Хажар әл-
Асқалани өзінің
«Булуғул-Марам мин әдиллатил-әхкам»
атты еңбегінде жоғарыдағы бет сипауға байланысты
Тирмизидегі хадисті келтіргеннен кейін:
«Бұл хадис
басқа да жолдармен келген, мысалы, Ибн Масғудтан.
Сондықтан бет сипауға байланысты хадистердің топ-
тамасы бұл хадистің «хасан» болуын қажет етеді» де-
ген.
Ғалым Мухаммед ибн Исмағил әс-Санғани
«Булуғул-
Марамға» түсіндірме етіп жазған «Субулус-Сәлам»
атты кітабында Ибн Хажардың осы сөздерінен кейін:
«Бұл жерде дұғадан кейін бет сипаудың шариғатта бар
екенін көреміз» дейді
67
.
Имам ән-Нәуауий
«әл-Мәжмуғ»
атты еңбегенде
«дұғадан кейін бет сипауды»
дұғаның әдептеріне
жатқызған
68
.
Сондай-ақ кейбір сахабалар дұға жасағаннан
кейін алақандарымен беттерін сипаған. Имам әл-
Бұхаридің
«Әл-әдабул-мұфрад»
атты кітабында Әбу
Нуъаймның:
«Ибн Омар (Абдуллаһ) мен ибн Зүбәйрдің
дұға жасағандықтарын әрі алақандарымен беттерін
сипағандықтарын көрдім»
дегені сахих жолмен риуаят
етілген
69
.
67
Мұхаммед ибн Исмағил әл-Санғани, Субулус-сәлам шарху
Бұлуғул-марам, 981-бет.
«Дару ибн Хазм»
баспасы, Бәйрут,
2003 ж.
68
Имам Әбу Зәкәрия ән-Нәуауий, әл-Мәжмууъ, 4-том, 487-бет.
«Дәрул-фикр»,
Бәйрут, 1997 ж.
69
Имам әл-Бұхари, Әл-әдабул-мұфрад, 134-бет.
«Муәссасатул-
кутубил-илмия»
баспасы, Бәйрут, 1987 ж.