Previous Page  81 / 288 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 81 / 288 Next Page
Page Background

81

Дін мен Діл

өлілерге бағыштауға болып-болмауы, оның сауабының

әруақтарға тиіп-тимеуі өз алдына бөлек тақырып екені

тағы рас.

Сондықтан мәселені осы қырынан қарастырып

көрейік. Ол жайлы әһлу сунна ғалымдарының көпшілігі

арнайы бағышталып оқылған Құран сауабының өлілерге

тиетіндігін айтуда.

Мысалы, Ханбали, Ханафи мәзһабы бойынша

және Шафиғи мен Мәлики мәзһабтарының кейінгі

үлкен ғұламаларының пікірінше, барлық жасалатын

жақсылықтардың, бағышталып оқылған Құранның сауа-

бы өлілерге тиеді.

Әбу Ханифа алғашқы кездері қабірдің басында

Құран оқуды мәкруһ санаған. Бірақ сахаба Абдуллаһ ибн

Омардың қабірдің басында

«Бақара»

сүресінің алғашқы

аяттары мен соңғы аяттарын оқығаны жайлы риуаят-

тан хабардар болғаннан кейін ол ойынан қайтқан. Ибн

Омардың қабір басында Құран оқығанына байланы-

сты риуаятты Хафиз ән-Нәуауий өзінің

«Әзкәр»

атты

кітабында

«хасан»

деп баға берген.

Ибн Қудаманың

«әл-Муғни»

атты кітабында Ахмад

ибн Ханбал былай дегені білдірілген:

«Бағышталып

жасалған барлық жақсылықтың сауабы өліге тиеді.

Өйткені ол жайлы хадистер бар. Барлық қалаларда

мұсылмандар жиналып, Құран оқып, сауабын өлілеріне

бағыштауда әрі бұған ешкім қарсы шықпауда. Міне, бұл

оның дұрыстығына ижмағ

73

болмақ»

74

.

73

Ижмағ – Пайғамбарымыз қайтыс болғаннан кейінгі заманда

мүжтаһид ғалымдардың белгілі бір мәселеде бір пікірде болуы.

Ижмағ – шариғи дәлелдердің үшіншісіне жатады. 1– Құран,

2–Сүннет, 3–Ижмағ, 4–Қияс.

74

Сайд Сабиқ, Фиқһус-сунна, 1 –том, 570-бет.

«әл-Китабул-араби»

баспасы, Байрут, 1971 ж.