Previous Page  85 / 288 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 85 / 288 Next Page
Page Background

85

Дін мен Діл

жоғарыда келтірілген сахих хадистерінде тікелей

білдірген. Сондықтан Құран оқу да өз алдына жеке

ғибадат болып есептелетіндіктен бұл үкімнен тысқары

қалмасы анық.

Мәлики мәзһабын ұстанушы үлкен тәпсір ғалымы

Қуртуби бұл жайлы:

«Бұл тақырыптағы еш талассыз

нәрсе

берілген садақа сауабының өліге тиетіндігі. Ал

енді садақаның сауабы өліге тиетіні секілді оқылған

Құран мен дұға, истиғфарлардың да пайдасы өліге тиеді.

Өйткені бұлар да садақаға жатады. Садақа тек ақша,

дүниемен шектелмейді».

Бұған қоса, өлілерге Құран оқуға болмайды делінген

ешбір нақты хадис жоқ. Керісінше, Хаким мен Ибн

Хиббанның сахих деп баға берген мынадай хадисі бар:

Бұл хадис Мағқал ибн Ясардан риуаят етілді.

Пайғамбарымыз (с.а.у.):

«Өлілеріңе «Йасин» сүресін

оқыңдар!»

81

- деді.

Ескерту:

Құранды өліге бағыштауға болатындығын

мақұлдаған ғалымдардың бәрі ақшаға оқылған Құранның

қабыл болмайтындығы турасында бір пікірде. Сондықтан

оқи алса, Құранды өліге бағыштағысы келетін кісінің

өзі оқығаны абзал. Ал басқа бір адамға оқытса, онда ол

81

Әбу Дәуід, 8-том, 385-бет. Муснад Ахмад. Әс-сунанул-Кубра

лин-Насайй. Әл-муғжамул-Кубра лит-Табарани, Шуғабул-иман

лил-Бәйһақи, 5-том, 469-бет. Сахих ибн Хиббан, 12-том, 496-

бет. Бұл хадисті Дарәқутни және Ибну Қаттан әлсіз десе де,

Ибн Хиббан мен әл-Хаким сахих деп баға берген. Ибн Хиббан

хадистегі

«өлілеріңе»

деген сөзді

«әл үстінде, өлім төсегінде

жатқан адам»

деп жорамалдаған. Оның бұл жорамалына

Мухиббәт-Табарихадисте

«өлілеріңе»

депнақтыайтылғандықтан,

оны басқаша жорамалдау үшін басқа қуатты дәлел керек деп

қарсы жауап берген.