86
Дін мен Діл
адамға Құран оқығаны үшін арнайы ақы бермеуі шарт.
Бірақ садақа ретінде берсе болады. Мешіттерге келіп
оқытатын кісілер мешітке берген садақаларын Құранның
ақысы деп ойламауы тиіс. Бұған қоса, Құран оқыттым,
әке-шешемнің күнәлары кешіріліп, жұмақтық болды
деген таяз түсініктен де аулақ болғаны жөн. Себебі,
бағышталған Құранның қабыл болып-болмауы – бір
Жаратқанның құзырындағы іс. Біздікі сауабы жетсе де-
ген үміт және күнәсі кешіріліп, Құранның шарапаты тисе
екен деген игі тілек қана.
«Қабірдің басында яки өліге бағышталып оқылған
Құранның мазмұны өлікпен, ақыретпен мүлде қиыспай
жатады. Мысалы, кейде қабір басында Құранның
намазға, оразаға, үйленуге байланысты аяттары
оқылады. Оның өлікпен қандай байланысы бар? Пайда-
сы тие ме?»
деген сөздерді құлағымыз шалып қалады.
Әрине, қабірдің басында оқылатын аяттар өліммен
яки ақыретпен тікелей байланысты болып жатса құба-
құп. Алайда оқылған Құран мазмұнының өліммен яки
ақыретпен байланысты болуы шарт емес. Себебі, біз
Құранды бағыштаған уақытта өліктің одан бір нәрсе
түсінуі үшін оқымаймыз. Құранның қандай сүресі, қай
аяты оқылса да, оқыған адамға сауап жазылатындығы
көптеген хадистерде білдірілген. Құранның қандай
сүресі, қай аяты, қай әрпі оқылса да, оқыған адамға
сауап жазылады. Пайғамбарымыз (с.а.у.):
«Кімде-кім
Алланың кітабынан (Құраннан) бір әріп оқитын бол-
са, оған бір жақсылық жазылады. Ал әрбір жақсылық
он еселенеді. Мен Әлиф, Ләм, Мимді (бәрін қосып) бір
әріп демеймін, Әлиф – жеке бір әріп, Ләм – жеке бір
әріп, Мим – жеке бір әріп. (әрқайсысына жеке-жеке
сауап жазылады)»
82
,
- деген.
82
Сунанут-Тирмизи, 5-том, 175-бет.
«Дәрул-ихиайтурасил-араби»
баспасы.