91
Дін мен Діл
600 000 астамы қыз-келiншек болса, 120 мыңы – 13-15
жас аралығындағы жасөспiрiмдер. Отандастарымыздың
басым бөлiгi 20-ға толмай жатып, шылымның
«дәмiн»
татады екен. Сорақысы сол, елiмiзде жылына – 25 мың,
күн сайын 70 пенде темекiнiң кесiрiнен туындаған дерт-
терден көз жұматын көрiнедi. Дүниежүзі ғалымдарының
зерттеуінше, өкпе рагы ауруларының 90 пайызы шылым
шегетіндердің үлесіне тиеді екен. Егер шылым шегушілер
күніне 20 тал темекі шексе, олардың өкпе рагы ауруына
шалдығу қаупі өзгелерге қарағанда 10-15 есе артып, ал
бүйрек дертіне бес есе көп шалдығады екен.
Езуiне шылым қыстырғандардың үштен бiрi, кейде
тiптi, тең жартысының ғұмыры 15 жылға кемиді екен
87
.
Әлемде әр 13 секунд сайын бір адам, әр 65 секундта бес
адам темекі кесірінен көз жұмады. Жылына үш миллион
адам темекіден пайда болған кеселдердің нәтижесінде
қайтыс болатын көрінеді.
Шылым алдымен, қан тамырларына әсерін тигізеді,
қан тамырларының жұмысын нашарлатып, оларды
жіңішкертіп, қан қысымын көтеріп, жүрек талмасына
жетелейді. Темекі құрамында 4000 мөлшерде химиялық
зат барлығы анықталған.
Тек бір тал темекі шеккен адамның ағзасында
никотиннің зардабынан бүйрек үстіндегі бездерден арде-
намен және норадренамен деп аталатын гармондардың
жұмысы бұзылады. Осының кесірінен асқазанның
қышқыл сұйықтығы (запран) артады. Үнемі темекі
шегетіндер уақыт өткен сайын асқазанында гастрит
(асқазанның қабынуы) және жара пайда болады.
Никотиннің әсерінен денедегі бүкіл тамырлар белгілі
мөлшерде жиырылады да, жүрек бұл жұмысты атқару
87
Нәзия Жоямергенқызы,
«Түркістан»
газеті, №23 (777), 11 маусым,
2009.