93
Дін мен Діл
• Көмекей және өкпе рагына тап болушылардың 90
пайызының себебі темекіден.
• Тамырды қатайтады (атересклероз).
• Қол – аяқ тамырлары бітеді, гангрена (тән
талшықтарының жансыздануы, шіруі) пайда болып, қол
– аяқ кесіліп, кемтарлыққа дейін апарады.
• Ми қызметін реттейтін тамырларды да қатайтып,
салдануға себепші болады.
• Жүрек ауруларына, әсіресе жүрек бұлшық еті
инфарктіне (жүрек ұстамасы) қолайлылық туғызады.
• Есте сақтау қабілетін азайтады.
• Көңілсіздікке душар етеді.
• Ұйқыны азайтады.
• Теріге әжім түсіреді.
2. Құранда:
«...Ішіңдер, жеңдер, бірақ ысырып
етпеңдер!»
89
делінсе, басқа бір аятта:
«Ысырап етпе,
сөзсіз ысырап етушілер шайтанға бауыр болмақ. Ал
шайтан болса, Раббысына тым күпірлік етуші-дүр»
90
,
– деп ысырап етудің күнә екендігін, тіпті, кісіні шайтанға
бауыр ететін Жаратушыға жағымсыз іс екенін білдіреді.
Иә, адам ағзасына аса зиянды нәрсе үшін маңдай
теріңмен тапқан ақшаңды жұмсаудың ысырып екені айт-
паса да түсінікті. Әр күні – бір-екі құты темекіні тауысқан
адам ғұмыр бойы қанша ақшаны босқа жұмсайтынын
есептеді ме екен? Күніне шамамен 300 теңгенің темекісін
тартқан кісі айына 9000 теңгеге, ал жылына 108000
теңгеге, ал шамамен 50 жыл тартты деп есептесек, онда
5 400 000 теңгені текке рәсуа етеді екен. Бұл сіріңке
мен ауыздың жағымсыз иісін кетіру үшін шайналған
сағызға кеткен ақшаны қоспағандағысы. Ал жоғарыдағы
мөлшерге темекі зардабынан бұзылған денсаулығын ем-
89
«Ағраф»
сүресі, 31-аят.
90
«Исра»
сүресі, 27-аят.