98
Дін мен Діл
негізге алғандықтан музыканың харамдығын білдіретін
дәлелдердің қатарында қолдануға тырысқан.
Алайда бұл аят жалпылай барлық музыканың
харамдығына дәлел бола алмайды. Себебі, тәпсіршілер-
дің бәрі бірдей
«ләһуал-хадис»
сөзін тек қана
«ән»
деп
тәпсірлемеген. Бұл аяттың түсу себебіне үңілер болсақ
«ләһуал-хадис»
сөзінің жалпылай барлық музыканың
харамдығын білдірмейтінін түсінеміз.
Надр ибн Харис деген Меккелік мүшрік Иранда
сауда жасап жүріп, сол жақтан қызық дастандар мен
хикаяларға толы кітап сатып алып келеді. Сол кітаптағы
хикаяларды Меккеліктерге оқып беріп отырып былай
дейді:
«Мұхаммед Ад және Сәмуд қауымдары туралы ба-
яндаса, міне, мен де сендерге Рим және өзге елдердің мы-
салдарын әңгімелеймін»
деп халықтың көңілін Құраннан
қайтармақ болған. Осы оқиғаға байланысты жоғарыдағы
аят түскен.
Екіншіден, аятқа толықтай үңілетін болсақ,
«...елді
Алланың жолынан адастыру үшін бос сөздерді сатып
алатын әрі Хақ жолын келекеге айналдыратын адамдар
бар...»
делінген. Яғни, бос сөздердіжайсатыпалатынадам-
дар емес, Алланың жолынан елді адастыру мақсатында
сатып алатын және хақ жолын, Құран аяттарын келекеге
айналдыратын адамдар делініп тұр. Ал халықтың көңілін
Құраннан алшақтатып, хақ діннен адастыру мақсатында
атқарылатын қандай да бір істің, тіпті пиғылдың күпірлік
екені айтпаса да түсінікті.
Ендеше, аяттың мұсылман жандармен әрі дұрыс
музыка, пайдалы әуенмен тікелей байланысы жоқ екені
анық. Ал егер музыканы адамдарды адастыру үшін, дінді
келеке ету мақсатында қолданса, онда ол аталмыш аяттың
аясына кіргендіктен, ондай музыканың харамдығында еш
шүбә жоқ.