101
Дін мен Діл
өзіне ұнамаған жағымсыз үннен де құлағын бітеуі мүм-
кін. Яғни, сол кезде тартылған сырнайдың үні жағымсыз
болуы да ықтимал. Бұған қоса егер жалпы сырнайдың
үні харам болғанда пайғамбарымыз (с.а.у.) жанындағы
Ибн Омарға да құлағын бітеуін бұйырар еді. Яғни, Ибн
Омардың күнә істеуіне жол бермес еді.
4. Музыканың
харамдығына
дәлел
ретінде
келтірілген хадистердің бірі – ибн Мәжаның хадис
кітабындағы Мәлик әл-Әшғаридің әкесінен риуаят
етілген пайғамбарымыздың ( с.а.у.) мына хадисі:
«Үмбетімнен кейбір адамдар арақ ішеді де оны
басқа атпен атайды. Жандарында музыка аспабы
ойналып әйел әншілер ән айтады. Алла Тағала жерді
олардың үстіне төңкереді және олардың кейбіреулерін
маймыл мен шошқаға айналдырады»
100
.
Пайғамбарымыздың бұл хадисінде де музыканың
жалпылай харамдығына ешбір дәлел жоқ. Бұл жерде
арақты сыра, вино, виски секілді әртүрлі басқа аттармен
атап, адалға санап ішетін әрі әйелдерге ән айтқызып, би
билеткізіп, музыка ойнататын жандардың душар болатын
азабын ескертуде. Арақ ішіліп, әйелдерге ән айтқызылған
отырыстың қандай отырыс екенін, онда айтылатын ән
мен ойналатын әуеннің қандай сипатта болатыны айтпаса
да түсінікті.
Ендеше, бұл жерде салиқалы өлең мен пай-
далы әуеннің харамдығына ешбір дәлел жоқ.
100
Ибн Мәжа, Мұхаммед ибн Язид Әбу Абдиллаһ, Сунану ибн
Мәжа, 2-том, 1333-бет.
«Дәрул-фикр»
баспасы, Бәйрут.