Previous Page  105 / 288 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 105 / 288 Next Page
Page Background

105

Дін мен Діл

– зияны жоқ әуеннің адалдығына дәлел. Бұған қоса, ха-

дисте Пайғамбарымыздың (с.а.у.)

«қылыш-қалқан»

биін

билегендерді

«қанеки!»

деп қолдауы – шариғатқа қайшы

емес ойын-сауықтардың дұрыстығына дәлел бола алады.

3. Әл-Бухаридің хадис кітабында Айша анамыздан

төмендегі хадис риуаят етілді (Алла Тағала одан разы

болсын!).

«Ол (Айша) бір қызды аңсарлық біреуге ұзатқан

еді. Пайғамбарымыз (с.а.у.) оған: «Уа, Айша, сендер-

де көңіл көтеретін нәрсе болмады ма? Аңсарлықтар

көңіл көтергенді ұнататын халық»

104

, – деді. Басқа бір

риуаятта: «Айша анамыз өзіне туысқан боп келетін

ансарлық бір қызды ұзатқан еді. Пайғамбарымыз

«қызды ұзаттыңдар ма?» деп сұраған еді, үйдегілер

«иә» деп жауап берді. Алла елшісі (с.а.у.): «Онымен

бірге өлең айтатын біреуді қоса жібердіңдер ме? -

деді. Айша анамыз «жоқ»-деді. Пайғамбарымыз (с.а.у)

аңсарлықтар ғазалды

105

ұнататын халық. Онымен

бірге «Біз сендерге келдік, біз сендерге келдік, сендерге

Алланың есендігі болсын! Бізге де Алланың есендігі бол-

сын» деп (жыр) айтатын біреуді жібермедіңдер ме?»

106

-дегені риуаят етілді.

104

Сахихул-Бухари. 5-том, 1980-бет. Дәру Ибни Кәсир баспасы,

Бәйрут, 1987 ж.

105

Әйел баласын мақтайтын өлең түрі немесе лирикалық жырлар.

106

Ибн Мәжа, Мұхаммед ибн Язид Әбу Абдиллаһ, Сунану ибн

Мәжа, 1-том, 612-бет.

«Дәрул-фикр»

баспасы, Бәйрут. Хадистің

дәрежесі

«сахих»

.