102
Дін мен Діл
Пайғамбарымыздың бұл хадисі қазіргі таңдағы казино,
бар сияқты күнәға толы түнгі клубтарды меңзейді.
5. Абдуллаһ ибн Амр ибн Астан риуаят етілген
Пайғамбарымыздың:
«Сөзсіз, Раббым арақты, құмар
ойынды және барабан мен қиннинді харам етті»
делінген хадисі музыка аспаптарының харамдығына бай-
ланысты алынған дәлелдердің қатарында келтірілген.
Алайда бұл хадис әлсіз хадистердің қатарына жатады.
Яғни, дәлелге есептелінбейді.
6. Ибн Мәсғудтан риуаят етілген
«Ән жүректе
екі жүзділікті өсіреді»
делінген хадис. Бұл хадис те
әлсіз хадистердің қатарына жатады. Әлсіздігін бірқатар
мәшһүр хадис ғалымдарымен қоса Насруддин Әлбани да
білдірген.
Келтірілген дәлелдерге қорытынды:
Жоғарыдағы музыканың харамдығына байланысты
келтірілген дәлелердің арасындағы сахих хадистердің
мағынасы жалпылай барлық музыканың харамдығын
білдіретіндей нақты, айқын емес, ал мағынасы
нақты, айқын болғандары түгелдей әлсіз яки ойдан
құрастырылған хадистердің қатарына жатады немесе
арақ ішілген жерде айтылатын әндерді меңзеген.
Музыканың «пайдалысы – адал,
ал зияндысы – харам» дейтіндердің дәлелдері
1. Муғаууиз қызы Рубайғдан риуаят етілді.
(Алла
Тағала одан разы болсын!). Ол былай деді: Неке