Previous Page  103 / 288 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 103 / 288 Next Page
Page Background

103

Дін мен Діл

түнімнің ертесіне үйіме Алла елшісі (с.а.у.) кірді.

Сөйтіп сенің отырған жеріңдей арақашықтықта

менің төсегіме отырды. Жанымда кішкентай қыздар

даңғара (тамбурин) шалып, Бәдір соғысында қаза

тапқан әкелерін жоқтап жатыр еді. Іштеріндегі бір

қыз: «Біздің арамызда ертең не болатынын білетін

пайғамбар отыр деген» еді, Пайғамбарымыз (с.а.у.):

«Олай деп айтпа, не айтып жатқан болсаң соны

жалғастыр»

101

деді. Яғни, Бәдір шайқасында шейіт

болғандарды жоқтауыңды жалғастыра бер дегені.

Әл-Бухариде келген бұл хадисте Пайғамбарымыздың

(с.а.у.) даңғара (тамбурин) шалып, соғыста қаза тапқан

әкелерін жоқтап отырған кішкентай қыздармен бірге

отырғаны айтылады. Егер жалпылай музыка аспабы харам

болғанда Пайғамбарымыз (с.а.у.) ондай жерде отырмас

еді. Отырған жағдайда да өзі туралы

«Арамызда ертең

не болатынын білетін пайғамбар отыр»

деп айтқан сол

жердегі қыздың сөзін құптамай,

«Олай деп айтпа, не ай-

тып жатқан болсаң соны жалғастыр»

деп ескерткені

секілді

«даңғара шалмаңдар, даңғара харам етілді»

тәрізді тыюды білдіретін сөздерімен ескертуін жасар еді.

2. Әл-Бухари мен Мүслимнің хадис жинақтарында

Айша анамыздан (Алла Тағала одан разы болсын!) мы-

нандай хадис риуаят етілген:

101

Сахихул-Бухари. 4-том, 1469-бет.

«Дәру Ибни Кәсир»

баспасы,

Бәйрут, 1987 ж.