99
Дін мен Діл
2. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) сахихул-Бухари хадис
кітабындағы:
«Үмбетімнің арасынан әйелдің жыныс мүшесін
(яғни, зинаны), жібекті, арақты және музыка аспап-
тарын адал санайтын қауым (топ) шығады...»
97
,
– де-
ген хадис музыканың харамдығын білдіретін ең қуатты
дәлел ретінде келтіріледі.
Бұл хадистен, бір қарағанда, музыканың харам
екендігін түсінуге болады. Алайда пайғамбарымыздың
(с.а.у.) даңғараның (тамбурин) сүйемелдеуінде айтылған
әнді тыңдағанына байланысты сахих хадистерді де еске-
ре отырып, аталмыш хадистің әрбір сөзіне назар салып,
мәніне терең үңілетін болсақ, басқаша үкімге де баруға
болатынын көреміз.
Себебі, Пайғамбарымыз (с.а.у.) егер жалпы музыка
аспаптарын харам еткен болса, онда өзі музыка аспап-
тарын мүлдем тыңдамас еді, әрі музыка аспаптарын
қолданған жандарды да дереу тыяр еді. Хадистегі
«му-
зыка аспаптары»
деген мағынадағы
«әл-мағазиф»
сөзі
даңғараны да қамтиды. Себебі, тамбурин музыка аспабына
жатады. Алайда Пайғамбарымыздың (с.а.у.) даңғараның
сүйемелінде айтылған әнді тыңдағаны жайлы тіпті ай-
тылуын құптағаны жайлы әл-Бухариде және басқа да
хадис кітаптарында сахих хадистер бар. Сондықтан
жоғарыдағы хадисті былай түсінгеніміз жөн:
Хадисте айтылған
«әйелдің жыныс мүшесі»,
«жібектің»
жалпылай харам емес екені баршаға мәлім.
Себебі әйелдің жыныс мүшесі некелі жанға – адал, ал
некесізге – зина болғандықтан харам. Жібектің де адалы
97
Сахихул-Бұхари, 5-том, 2123-бет.
«Дару ибни Кәсир»
баспасы,
Бәйрут, 1987 ж..