94
Дін мен Діл
деуге жұмсаған қаржысын қоссақ, аталмыш мөлшердің
тағы да көбейе түсері анық. Ал енді мұндай көлемдегі
қаржымен қанша мұқтаж адамның қарнын тойдырып,
неше зәру жанның киімін бүтіндеп, талай науқасты ем-
деуге болатыны күмәнсіз. Ысырап дегенде тек ақшаны
ойламауымыз керек. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) бір
хадисінде:
«Адамдардың көбі Алланың өздеріне берген
екі үлкен нығметінің қадірін білмейді. Олар денсаулық
пен бос уақыт»
91
делінеді. Тәулігіне 20-22 дана шылым
шегетіндер жылына уақытының шамамен 40 күнiн темекі
тартуға пида ететінін білуші ме едіңіз?
Олай болса,
«Дәрет алған кезде өзеннің жағасында
болсаң да суды ысырап етпе!»
деп ысырапқа қарсы соғыс
жариялаған Ислам сияқты ықтиятты бір діннің темекінің
үкіміне
«мәкрүһ»
деп жеңіл қарап, ысырапқа рұқсат беруі
әсте мүмкін емес.
3. Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір хадисінде: «
Пияз, не
сарымсақ жеген кісі бізден аулақ жүрсін немесе, намаз
оқитын жерімізге жақындамасын, үйінде отырсын!»
92
деген. Неліктен? Себебі, көпшілік жиналатын жер-
ге жағымсыз иіспен бару – Ислам этикасына қайшы.
Құлшылығын алаңсыз жасағысы келетін жандардың ма-
засын қашырып, жеке құқығына қол сұғу деген сөз. Ал,
енді адал тамақ пияз бен сарымсақты жеп мешітке кіруге,
көпшілік жүретін жерге баруға болмайтын болса, тұла
бойынан темекінің жағымсыз исі мүңкіген кісінің мешітке
барып құлшылықтағы жамағаттың құтын қашыруға бола
ма? Бұл өзгеге жасалған зұлымдық емес пе? Себебі,
кез келген шылым шекпейтін кісі темекінің исін мүлде
жақтырмайды, тіпті кейбір жандардың басы айналады.
91
Сахихул-Бұхари, 5-том, 2357-бет.
«Дару ибни Кәсир»
баспасы,
Бәйрут, 1987 ж.
92
Сахихул-Бұхари, 1-том, 292-бет.
«Дару ибни Кәсир»
баспасы,
Бәйрут, 1987 ж.