90
Дін мен Діл
университетінің жанындағы
«Пәтуа комитеті»
1979
жылы темекіге
«харам»
деп пәтуа шығарған
83
. Сондай-
ақ, әл-Әзһар университетінің бұрынғы шейһул-әкбары
Жәддул Хақ Али Жаддул Хақ, Мысыр республикасының
бұрынғы мүфтиі Наср Фәрид, заманымыздың Атия Сақр,
Юсуф Қарадауи сынды бірқатар ғалымдары да харам деп
пәтуа берген.
Темекінің харамдығына байланысты мынандай
дәлелдер келтіруге болады:
1. Құранда:
«(Мұхаммед пайғамбар) Оларға
пайдалы пәк нәрселерді адал етіп, зиянды нахош
нәрселерді харам етеді...»
84
-делінген. Демек, Мұхаммед
(с.а.у.) пайғамбардың әкелген дінінде адамға зиянды
барлық нәрсе харам. Яғни, адамның ағзасына, жүрегіне,
санасына, ұрпағына зиянды барлық нәрсе Құран бойын-
ша харам деген сөз. Ал, темекі адам ағзасына, санасы
мен ұрпағына зиян болғандықтан, Құранның осы аяты
бойынша оның харам екендігін айту қиын емес. Құранда:
«Өздеріңді өз қолдарыңмен қатерге итермеңдер!»
85
,
«Өздеріңді өздерің өлтірмеңдер!»
86
делінеді. Ал шы-
лым шегіп денсаулығына зиян тигізген кісі өз қолымен
өзін қатерге итермелейді әрі өз-өзін ұзақ мерзімде
«баяу
өлтірген»
болады.
Қазіргі таңда ғылым темекінің адам ағзасына аса зи-
янды екенін дәлелдеді. Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау
ұйымының (ДДСҰ) мәлiметiне сүйенсек, Жер шарындағы
1,8 миллиард 10-24 жас аралығындағы жеткіншектер
темекiнiң түтiнiмен уланған. Ал Қазақстан халқының 27
пайызы (4 миллион адам) темекi шегеді. 4 миллионның
83
Аталмыш пәтуа Мысыр елінің
«әл-жумһурия»
газетінің 22-ші
наурыз, 1979 жылы шыққан санында жарияланған.
84
«Ағраф»
сүресі, 157-аят.
85
«Бақара»
сүресі, 195-аят.
86
«Ниса»
сүресі, 29-аят.