Previous Page  87 / 288 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 87 / 288 Next Page
Page Background

87

Дін мен Діл

Олай болса, Құран оқудың өзі намаз, ораза секілді

жеке ғибадатқа жатады. Міне, біз сол ғибадаттан келетін

сауапты өзімізге емес, әруақтардың амал дәптеріне жазы-

луын Ұлы Жаратқаннан тілейміз. Яғни, өзімізге жазылар

сауапты марқұмдарымызға сыйлаймыз.

Сөз соңы, Құран – өлілерден гөрі тірілер үшін

түсірілген кітап. Сондықтан Құранның тіршілігімізді

нұрға бөлеп, Жаратушыға жақындатар қағидалары

мен ережелерін орындасақ игі. Құран бұйрықтарына

құлақ аспай, тыйымдарын белшеден басып, анда-санда

мағынасын түсінбестен ақшаға оқытқан Құранның сауа-

бы өліге тиеді деу аңғалдық болар.

Сондай-ақ, қазақтың құдайы тамақ беріп, Құран

оқытуы – бізге уағыз айтыңдар деген ниеті, уақытын

бөліп, мешітке келіп құран бағыштатуы – уағызға

ұйығысы келетін ынтасы емес пе? Сондықтан Құранды

өлілерге бағыштауға болмайды дегеннен гөрі дін ма-

мандары халқымыздың көп жыл діннен жырақ қалғанын

ескеріп, қайта осы мүмкіншілікті тиімді пайдалануы тиіс.

Құран оқытуға келген кісілерге құран оқып бергеннен

кейін қысқа болса да дініміздің құндылықтарын наси-

хаттап, мүмкіншілік болса, қолдарына мазмұнды діни

кітапшаларды ұстатса, нұр үстіне нұр болар еді. Құдайы

тамақтарда да Құран оқумен қатар пендеге жүктелген

мұсылмандық міндеттерді түсіндіріп жатсақ, бұдан асқан

сауап бар ма?!