Previous Page  82 / 288 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 82 / 288 Next Page
Page Background

82

Дін мен Діл

Ал Ибн Тәймия және Ибну Қаййм әл-Жәузия

75

«жасалған жақсылық пен оқылған Құранның сауабы

өліге тиеді»

деген көзқарасты таңдаған

76

.

Ибн Таймиядан:

«Өлі үшін оқылатын хатым Құран

жайлы және Құранды жалдап оқытса, сауабы өліге

тиеді ме?»

деген секілді сұрақтар сұралған. Ибн Тәймия

бұл сұрақтарға былай деп жауап берген:

«Құран оқып

сауабын өліге бағыштау үшін адам жалдау дұрыс емес.

Мұны ешбір ғұлама құптамаған. Сауабы жететін Құран

– ол тек Алла разылығы үшін оқылатын Құран. Құран

оқыған адамға оқығанының ақысы ретінде емес, өлінің

атынан садақа етіп берсе, онда бүкіл мұсылмандар бой-

ынша оқылған Құранның сауабы өліге тиеді. Сол секілді

сауабын тек Алладан күтіп Құран оқығаннан кейін

оны өлілерге бағыштаса, сауабы өліге жетеді. Алла ең

дұрысын біледі»

77

.

Ибн Тәймияның үлкен шәкірті Ибнул-Қаййм

әл-Жәузия:

«Ғибадат екіге бөлінеді: денемен және

дүниемен атқарылатын ғибадат. Пайғамбарымыз

өлген кісінің атынан берілген садақаның қабыл

болатындығын айту арқылы дүниемен атқарылатын

жалпы ғибадаттардың сауабынының өліге тиетіндігін

білдірсе, өлген кісінінің атынан ұсталынған ораза

сауабының қабыл болатындығын айту арқылы дене-

мен жасалатын жалпы ғибадаттардың сауабының

өліге жететіндігін білдірген. Бұларға қоса, денемен де,

дүниемен де бірге атқарылатын қажылық сауабының

өліге тиетіндігін айтқан. Ғибадаттың осы үш

түрінің де «денемен, дүниемен, дене және дүниемен)

75

Ибнул-Қаййм – Ибн Тәймияның үлкен шәкірттерінің бірі.

76

Фәтәәуал-әзһар, Атия Сақр. 1997 жыл, Май айы.

77

Мәжмуғу Фәтауа Ибн Тәймия (Ибн Тәймияның пәтулар

жиынтығы), 24-том.