79
Кейбір кісілер «Әруақтарға Құран
бағыштауға болмайды. Себебі, ол
тірілер үшін түсірілген», – деп жүр.
Осы пікір дұрыс па? Құран бағыш-
таудың өлілерге сауабы тие ме?
Құранды тек кісі өлгенде, қабірдің басында оқылатын
әуен, қайтыс болған әруақтар түске кірген кезде, мешітке
барып садақа құтысына ақша салғаннан кейін оқылатын
мақам, яки ас берген уақытта жатқа айтылатын мағынасы
түсініксіз кітап деп ойлау – өте қате. Ол – Құранның
мағынасын дұрыс түсінбеу, қадір-қасиетін аңдамау, тіпті
негізгі мақсатынан ауытқу деген сөз. Ендеше, Құран
қандай кітап?
Құран – ақыретке дейінгі күллі адамзаттың барлық
рухани әрі заттық сұраныстарына жауап беретін,
қоғамдық әрі әлемдік, жеке тұлғалық барлық мәселелерге
қатесіз, толық шешім сыйлайтын әрі адамның ақылы жете
бермейтін көмескі әлемді суреттеп, беймәлім сырларды
ашатын, пәни мен бақи дүниенің бақытын қатар ұсынып,
оған сеніп, шырақ тұтқан жандарды рухани кемелдікке
тәрбиелейтін Ұлы Жаратушы тарапынан жіберілген
соңғы қасиетті кітап
72
. Онда Ұлы Иеміз жайлы тылсым
мағлұматтар, жеке тұлға мен қоғамдық мәселелердің
шешімі, отбасы жағдайлары, ғибадат-мінәжаттың
үлгілері, бізге дейінгі ғұмыр кешкен қауымдардың
ғибратты оқиғалары, көптеген ғылыми жаңалықтардың
72
Қ.Жолдыбайұлы, Ақиқат шуағы, 115-бет.
«Алтын қалам»
баспасы,
Алматы, 2005 ж.