Previous Page  80 / 288 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 80 / 288 Next Page
Page Background

80

Дін мен Діл

мәйегі, салауатты өмір сүру салты секілді алуан

тақырыптар қамтылған. Құранның адамзатқа түсу мақса-

ты мен оның жалпы тақырыптарының қысқаша мазмұны

осыған саяды. Осындай ұлы мақсатпен түсірілген қасиетті

Құран, өкінішке орай, жетпіс жылдық атеистік саясаттың

салқынымен бүгінде тек өлім-жітім жөнелтілген жерлер-

де ғана оқылып жүргені ащы да болса шындық. Халқымыз

Құранның кәусар бұлағынан шөл қандыра сусындай

алмай, оның осындай қайғылы жерлерде ғана оқылуын

жүрекке медет, көңілге жұбаныш тұтуда.

Иә, халқымыз Құранды қатты құрметтейді. Арнайы

қап тігіп, қол тимейтін жерге іліп қояды. Кейде анау-

мынау жағдайларға тап бола қалса, Құранды сыртындағы

сол қабымен бірге алып, сүйіп, маңдайына тигізеді,

бісмілласын күбірлеп, қайта орнына іліп қояды. Десек

те, Құран сырты қапталып, шаң басып, ілініп тұрсын яки

тек анда-санда бақилық әруақтарға бағышталып оқылсын

деп түсірілмеген ғой. Құранның қағазын ғана құрметтеп,

оның ішкі құдайылық қағидаларына көңіл бөлмеу,

бұйрықтары мен тыйымдарын елемеу, ішкі мазмұнынан

хабарсыз болу – үлкен қасірет. Кейде осы көрініске қарап

тұрып, Пайғамбарымыздың (с.а.у.)

«Үмбетім сондай бір

заманға ұшырайды, ол кезде мұсылмандар бір сайда,

ал Құран мүлде басқа бір сайда болады»

деген астары

терең хадисін еске алып, сірә, осы бір сұрапыл заман

суреттелген-ау деген ойға қаласың.

Меніңше, негізгі ішкі мазмұнына көңіл бөлмей,

Құранның тек өлім-жітімде ғана оқылуы – кей

мұсылмандардың ренішін тудырған. Тіпті, оларды «Құран

өліге емес, тіріге түскен, оны өліге бағыштауға болмай-

ды» деп дауласуға дейін апарған.

Алайда тірі жандардың Құранның ішкі мазмұнын

барынша түсініп, мейлінше ғибрат алғаннан кейін оны