77
Дін мен Діл
Пайғамбарымыздың басқа бір хадисінде дұға үшін
жайылған қолдың Алла Тағаланың рақымы мен шарапа-
тынсыз кері қайтарылмайтындығы айтылған.
«Сендердің Раббыларың ұлы ұят иесі әрі жомарт.
Сондықтан қолдарын дұға үшін жайған уақытта оны
бос (рақымы мен шарапатынсыз) қайтаруға құлынан
ұялады»
70
.
Міне, сондықтан дұға жасаған адам бетін сипаған
уақытта алақанындағы Ұлы Жаратушыдан келген береке
мен шарапатты өзінің ең қасиетті ағзасы – бетіне тәбәрік
етіп жатқандай болады.
Бұған қоса, Пайғамбарымыз (с.а.у.) алақанын жай-
ып
«ықылас», «фалақ», «нас»
сүрелерін оқығаннан кейін
жүзіне, денесіне сипағаны жайлы көптеген сахих хадис-
тер бар. Мысалы,
Хадис Айша анамыздан риуаят етілді. Ол былай деді:
«Пайғамбарымыз төсекке жатарда екі алақанына
«Қул һу Аллаһу ахад және муғаууизатайн (фалақ, нас)
сүрелерін оқып үрлейтін дежүзінежәне қолыжететін
барлық денесіне сипайтын»
71
.
70
Сунану Әби Дәәуід, Сунанут-Тирмизи, Сунанул-Кубра лил-
Бәйһақи, Сахих Ибн Хиббан. Хадисті Хаким сахих деп
бағалаған.
71
әл-Бұхари. Және қосымша қараңыз: Муслим, Әбу Дәәуід,
әт-Тирмизи, ән-Насайй, Ибн Мәжжа, Муснад Ахмад.