Previous Page  96 / 288 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 96 / 288 Next Page
Page Background

96

Дін мен Діл

5. Иә, темекі тарту – әлдебір нәрсеге тәуелділік.

Олай дейтініміз, темекі тартқан кісі өзін онсыз өмір сүре

алмайтындай сезінеді. Темекі тартпаса ішкен асы бойы-

на дарымайтындай, төсекке жатса ұйқысы қашатындай

боп көрінеді. Тіпті, шылым шекпесе, көңілі сергімей

үнемі тұнжырап жүреді. Темекі үшін абыройын түсіріп

көшедегі бейтаныс адамнан қол жайып сұрауға дейін ба-

рады. Тіпті, кейбіреулері қатты қысылғанда өзгелердің

шегіп тастап кеткен қалдығын да қолданып жатады. Міне,

бұл дегеніміз, Алла тарапынан ардақтап жаратылған адам

баласының осындай исі жағымсыз қураған құр жапыраққа

қол қусырып, тәуелді болғандығының белгісі. Ендеше,

шынайы да кемел мұсылман мұндай тәуелділіктен бо-

йын аулап ұстап, әрдайым бір Аллаға ғана тәуелді болуды

мақсат етеді.

Кейбіреулер

«темекі тартсаң жүйкеңді жұбатып,

ашуыңды тарқатады»

деп өздерін алдаған болады. Алай-

да Хақ пайғамбары (с.а.у.) ашуланғанда шылым шегуді

емес, дәрет алып, намаз оқуды бұйырғанын ұмытпайық.

Сөз соңы, Пайғамбарымыздың (с.а.у.):

«Қиямет

күні әрбір құл ғұмырын қайда өткізгенінен, алған

білімімен қандай амал жасағанынан, дүние-мүлкін

қалай тауып, қайда жұмсағанынан және дене мүшесін

қайда тоздырғандығынан сұралып, есеп бермейінше

орнынан бір қадам алға жылжымақ емес»

94

,

– деген

жауапкершілігі ауыр, тағылымы мол хадистерін әркез

жадымызда ұстасақ игі.

94

Мұхаммед ибн Иса Әбу Иса әт-Тирмизи, Сунанут-тирмиз, 4-том,

612-бет.

«Дарул-ихиаайт-турасил-араби»

баспасы, Бәйрут.