97
Музыка тыңдау харам ба?
Әннің де естісі бар, есері бар,
Тыңдаушының құлағын кесері бар.
Абай
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) ән, музыкаға рұқсат
ететін де, тыйым салатын да көптеген хадистері бар.
Музыкаға байланысты дәлелдердің әр түрлі болуына бай-
ланысты ғұламалардың кейбіреуі жалпы музыканы харам
десе, енді біреулері адамға пайдалысы адал, ал зияндысы
харам деп пәтуа берген
95
.
Жалпылай барлық музыканы харам
дейтіндердің дәлелдері
1.
«Адамдардың арасында ешбір (дәлелге
сүйеніп) білімге жүгінбестен елді Алланың жолынан
адастыру үшін бос сөздерді сатып алатын (немесе
ақиқатпен айырбастайтын) әрі Хақ жолын келекеге
айналдыратын адамдар бар. Оларға Алланың
қорлайтын азабы болады»
96
.
Бұл аяттағы қазақша
«бос сөз»
деп аударылып
отырған
«ләһуал-хадис»
сөзі көңіл көтеру үшін ойын-
сауық мақсатында айтылатын әртүрлі хикая, әзіл-оспақ,
ертегі секілді сөздерді, әңгімелерді де қамтиды.
Кейбір ғалымдар
«ләһуал-хадис»
сөзін Ибн Аббас
сияқты кейбір сахабалардың
«ән»
деп тәпсірлегенін
95
әл-Имамул-әкбар Махмуд Шәлтут, Әл-Фәтаауа. 355-бет. Дәруш-
шуруқ, Египет. 2004 ж.
96
«Лұқман»
сүресі, 6-аят.