108
Дін мен Діл
харам-халал үкімін музыка аспабынан гөрі оның қалай
қолданылуын негізге алып қарастырған жөн.
Мысалы, сіріңкені бейкүнә біреудің үйін өртеу
тәрізді қастандыққа да, от жағып үй жылыту, ас пісіру
сияқты игілікті істер үшін де қолдануға болады.
Адам табиғаты, ішкі сезімдері, жан дүниесі ерікті-
еріксіз көптеген нәрселерді қалайды. Мысалы, көркем
табиғат көріністерін тамашалағанда бойы сергіп рахат-
танады. Өзеннің сылдырап аққан үні өне бойына ерек-
ше әсер етеді. Теңіздің буырқанып тасуы, ормандағы
бұлбұл секілді жыршы құстардың сайрап ән салуы да
жан дүниесін рахатқа бөлеп, дем алдырады. Сондықтан
адамның жан дүниесі, ішкі сезімдері әрдайым көркем
табиғатты тамашалауды, судың сарқыраған дауысын
естіп, құстар салған әсем әндерді естуге құмартып
тұрады. Ислам діні адам баласының табиғатындағы
осындай сезімдеріне балта шауып жоқ ету үшін келген
жоқ. Керісінше, оларды реттеп, орта жолға бағыттау
үшін келді
111
.
Ендеше, музыка – егер адам баласының уақытын
босқа өткізіп, ғибадаттарына кедергі жасаса, нәпсісін
қоздырып, ойына харам нәрселерді салып, жа-
ман пиғылдарға жетелейтін болса, даңғырығының
қаттылығынан мидағы клеткаларды өлтіріп, адам
мінезін ұшқалақтыққа тәрбиелесе онда – харам.
«Пайғамбарымыздың кейбір хадистеріндегі музыкаға
байланысты тыйымдар осындай теріс бағытқа
жетелейтін музыкаларға байланысты болса керек»
– дейді ХІ ғасырда өмір сүрген тақуалығымен таны-
мал ханафи ғалымы Абдул-Ғани ән-Нәблууси өзінің
«Идахут-дәлалат фи самағил-әәләәт»
(музыка аспап-
111
әл-Имамул-әкбар Махмуд Шәлтут, Әл-Фәтаауа. 355-бет. Дәруш-
шуруқ, Египет. 2004 ж.