110
Дін мен Діл
кісінің туысқандарының жүйкесін жұбатып, қайғысын
жеңілдету үшін де қолдануға болады. Қазір бұл тәсіл
көптеген дамыған емханаларда қолданылуда. Сонымен
қатар экономика саласында да пайдалануға болады. Мы-
салы, балық аулау, тауықтың жұмыртқалау, сиырдың сүт
беру пайызын жоғарылату үшін де кейбір әуендердің
әсерінің бар екендігі анықталған. Тіпті қазіргі таңда
мұндай арнайы әуендердің көмегімен алынған өнімдер
«музыка сүті», «музыка жұмыртқасы»
деген атпен ата-
лады.
«Музыка мен интеллектуалдық дамуды ағзаның
гормонды дамуына қолдануға болады. Музыка қандағы
гормондарды көтеріп не азайтып, стрессті де баса алады.
Мәселен, гостроэнтероскоптық ческ зерттеуін жүргізу
науқастарда алаңдаушылық пен сенімсіздік тудырған.
Стресс жағдайын клиникалық анализдер де анықтаған.
Бұл науқастарға баяу музыка тыңдатылғанда, қандағы
кортизол құрамы азайған, үрей сейілген. Музыкалық
терапия жасалмаған келесі бір бақылау тобында
керісінше жағдай байқалған. Бұндай тәжірибе операция
алдында жасалған. Екі топқа да ертесі күні операцияға
түсетіндіктері ескертілген. Ескертпеден кейін тәжірибе
тобындағылар бір сағаттай уақыт музыка тыңдағанда,
қандарындағы кортизол деңгейі 50 пайызға көтерілген.
Бір сағаттан кейін бақылау тобындағы көрсеткіш өте
жоғарғы деңгейде қалып қойған, ал музыка тыңдаған
кісілердің қандарындағы кортизол көрсеткіші нормаға
дейін түскен. Бұл музыканың стрессті басатындығын
әрі оны науқастарды емдеуде қолдануға болатындығын
көрсетуде»
114
.
114
Құдайберді Бағашар, Әдемі әуеннің әсері,
«Аңсар»
журналы,
9-10 бет, № 10, 2007 ж.