Previous Page  109 / 288 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 109 / 288 Next Page
Page Background

109

Дін мен Діл

тарын тыңдауға байланысты дәлелдерді түсіндіру) атты

кітабында

112

.

Ал егер музыка керісінше адам бойындағы мүлгіп

жатқан жақсы сезімдерін жетілдіретін, рухын, миын

тыныштыққа бөлейтін, шаршағанда жүйкелерін дем ал-

дыратын, ойына көркем пікірлер салатын, ішкі болмысы-

на жақсы әсер ететін әуен болса, онда неге харам делінсін!

Абайдың:

«Құлақтан кіріп, бойды алар

Жақсы ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, менше сүй»

113

, – дегеніндей, кейбір

әуендер мен әуездер ешбір сөз айтылмаса да адамның ішкі

дүниесіне ағыла құйылып, өзінше бір әлемге жетелеп

терең ойға шомдырады. Мысалы, қазақтың кейбір күйле-

рі орындалған уақытта көз алдыңа кең байтақ жер мен

ондағы әсемдіктер елес береді. Көктемдегі көңіл-күйді

білдіретін, жауған жаңбырдың тамшыларын елестететін,

көңіліңді дем алдырып, керемет ойға жетелейтін жұмсақ

та нәзік әуендердің бар екені баршаға белгілі. Отанды,

бірлікті, ерлікті уағыздайтын, ата-ананың қасиетіне бай-

ланысты, адам баласын адамгершілік пен имандылыққа

баулитын музыка мен әндерді тыңдау немесе айту нелік-

тен харам болсын?

Қазіргі таңда кейбір жұмсақ әуендердің кісінің асқа

деген тәбетін оятумен қатар тамақтың жақсы қорытылуы-

на оң әсер ететіндігі анықталып отыр. Сондықтан бүгінде

кейбір мейрамханаларда арнайы жұмсақ әуендер ойнаты-

луда. Сондай-ақ жұмсақ әуендерді емханалардың

«күту

залында»

үрей мен үміт арасында қиналып отырған ауру

112

әл-Имамул-әкбар Махмуд Шәлтут, Әл-Фәтаауа. 355-бет. Дәруш-

шуруқ, Египет. 2004 ж.

113

Абай Құнанбаев, Қалың елім, қазағым, 194-бет.

«Атамұра»

баспасы, 2002 ж.