Previous Page  119 / 288 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 119 / 288 Next Page
Page Background

119

Дін мен Діл

Кейбіреулер пайғамбарымыз Әбу Бәкірге ғана рұқсат

берген. Ендеше, біз бұл рұқсаттан пайдалана алмаймыз

деген уәж айтады. Алайда олардың бұл уәждері тіптен

орынсыз. Себебі пайғамбарымыз (с.а.у.) Әбу Бәкірге

(р.а.)

«Саған ғана рұқсат»

деп үкімді жекешелеме-

ген. Керісінше,

«(Уа, Әбу Бәкір) Сен тәкаппарланып

киетіндерден емессің»

деп оның киімінің төмен түсіп

тұруының тәкаппарлық мақсатында емес екенін анық

ашып көрсеткен. Яғни, бұл жерден Әбу Бәкір секілді

тәкаппарлану ниетінсіз киімнің балағын тобықтан

төмен түсіріп киюдің жоғарыда келтірілген

«Изардың

тобықтан төмен түскені тозақта»

деген Пайғамбар

(с.а.у.) тыйымынан тыс екенін түсіну қиын емес.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) Әбу Һурайрадан риуаят

етілген басқа бір хадисінде:

«Тәкаппарланып изарын (дененің белден төменгі

жағына киілетін шалбар секілді киім) сүйреткен

кісіге Алла Тағала қиямет күні (рақымдылықпен)

қарамайды»

124

деп жалпы ұзын киюді емес, тек

тәкаппарлану мақсатында ұзын етіп киюдің күнә екенін

нақты түсіндірген.

Иә, тәкаппарлық – дінімізде кісіні тозаққа лайық

ететін қатерлі рухани ауру. Бұл жайлы пайғамбарымыз

(с.а.у.):

124

Бұл хадис Бухаи мен Муслимде риуаят етілген.