133
Дін мен Діл
жаны, аяғы бар, тағына отырады»
деп Ұлы Жаратушы-
ны жаратылғандарға ұқсата бастаған еді. Бұл жайлы Әбу
Ханифа былай дейді:
«Батыс мен шығыстан екі жаман
пікір келді. Олар Жәһим муъаттила (Алланы пәктейміз
деп онда айтылған сипатты толықтай жоққа
шығарушылар) мен Мұқатил мүшаббиһа (сөздің тура
мағынасын негізге алып, Алланы басқа жаратылған-
дарға ұқсататындар). Осындай «мүшаббиһа» сияқты
топтардың философиялық негізде жая бастаған түрлі
қате пікірлеріне қарсы сәлафус-салихиндердің ұстанған
«Алла Тағала мұндай сөздер арқылы нендей мағынаны
мұрат етіп, қандай сипатты қаласа, соған жалпылай
иман келтіреміз»
деген шынайы мойынсынушылықты
білдіретін тәсілі жеткіліксіз еді. Міне, осындай қым-
қиғаш кезеңде қарапайым мұсылмандардың санасына
сызат, көңілдеріне күдік түсірмеу үшін философиялық
пікірлерге ислами қисын жолымен жауап беру қажеттілігі
туындады. Осындай қажеттіліктің нәтижесінде әлгіндей
тура мағынасы Алла Тағаланы басқа жаратылғандарға
ұқсататын сөздердің ауыспалы мағынасын таңдап, басқа
астарлы мәндеріне жорамал жасау тәсілі көптеп қол-
даныла бастады. Бұл жайлы Абдуллаһ Дираз өзінің
«әл-
Мұхтар мин кунузус-сунна»
атты еңбегінде былай дейді:
«Халафты тәуил жасауға итермелеген себептердің
бірі мүшаббиһа, мүжәссима және сол сияқтылардың
бидғаттарының шығуы еді»
150
.
Тәуил жасау ұстанымын кейінгі ғасырларда (һижри
ІІІ ғасырдың соңы) өмір сүрген ғалымдардың көпшілігі
ұстанғандықтан оған
«халафтардың (кейінгілердің)
ұстанымы»
делінетін болды. Олар хабари сипаттардағы
сөздердің ауыспалы мағынасы мен астарлы мәнін
кездейсоқ ойларына не келсе соны емес, араб тілі
150
Абдуллаһ Дираз, әл-Мұхтар мин кунузус-сунна,