131
Дін мен Діл
Имам Мәликтің мәжілісіне бір кісі келіп: «Уа,
Абдулланың әкесі,
«Әр-Рахман аршқа истиуа етті»
делінген аят бар. Сонда Ол қалай истиуа етті?», – дейді.
Осы сәтте Имам Мәлик басын төмен иді де артынша қара
терге түсті. Сосын былай деп жауап берді:
«Ар-Рахман
аршқа өзі сипаттағандай истиуа етті. «Қалай?»
деп айтылмайды. Өйткені «кейіп» деген ұғым Аллаға
жүрмейді. Сен бидғатшыл адам екенсің. Мынаны сыртқа
шығарыңдар». Басқа бір риуаятты былай деген: «Ис-
тиуа бұл белгісіз емес. Ал оның қалайлығы ақыл білетін
дүние емес. (басқа риуаятта: қалайлығы (белгілі бір
кейіп) Аллаға жүрмейді. Бұған иман келтіру – уәжіп. Ал
бұл туралы сұрау – бидғат»
148
.
Уәлид ибн Муслим былай дейді:
«Мен әл-Аузағи,
Мәлик және әс-Сәури, әл-Ләйс ибн Сағдтан хадистердегі
(хабари) сипаттар жайлы сұрадым. Олар: «Белгілі
бір кейіпте болатындығын ойламастан хадистерде
айтылғанды сол күйінде үстінен оқып қана өтіңдер», –
деп жауап берді»
149
.
Ахмад ибн Ханбалдан хабари сифатқа қатысты ха-
дистер жайлы сұралған еді. Ол:
«Оған (ондай сипаттарға)
ешбір мағына берместен әрі белгілі бір кейіпте болады
деместен иман келтіреміз әрі растаймыз»
,– деп жауап
қатты.
Жоғарыдағы
сәлаф
ғұламаларының
хабари
сипаттарға қатысты жауабынан олардың мынандай
негіздерді ұстанғанын байқаймыз.
1. Белгілі бір ағзаны немесе жаратылғандарға тән
148
Мұхаммед Наъим Мұхамед, әл-Қанун фи ъақайдил-фирақи уәл-
мәзаһибил-исламия, 417-бет.
«Дәрус-салам»
баспасы, Египет,
2007 ж.
149
Абдул-Кәрим Татан, Мұхаммед Әдиб әл-Кәйлани, Аунул-
мурид ли шархи жәуһарит-таухид, 1-том, 466-бет.
«Дарул-
башайр»
баспасы, 1999 ж.