132
Дін мен Діл
іс-әрекетті білдіретін сөздердің тура мағынасын Ұлы
Жаратушыға телу мүмкін емес. Алла Тағала одан пәк.
2. Алла Тағалаға ешбір нәрсе ұқсамайтыны секілді
Алла Тағала да ешбір нәрсеге ұқсамайды.
3. Сондай-ақ Алла Тағаланы кемшіліктерден
пәктеймін деген ниетпен аяттағы Алла мұрат еткен
мағынасын түгелдей жоққа шығармау (таътил).
4. Мұндай сөздердің нақты мұрат болған мағынасын
Алланың шексіз іліміне қалдыра отырып, айтылғанға
жалпылай иман келтіру (тафуид).
Міне, сәлафус-салихиндердің көпшілігі аят пен
хадистердегі хабари сипаттарда қолданылған сөздердің
белгілі бір ағзаны яки жаратылғандарға тән іс-әрекеттерді
білдіретін тура мағынасының Ұлы Жаратушы үшін
мүмкін еместігін білдіре отырып, Алла Тағала мұндай
сөздер арқылы нендей мағынаны мұрат етіп, қандай си-
патты қалаған болса, соған жалпылай иман келтірген.
Сөздің ауыспалы мағынасы мен астарлы мәнін іздеп,
жорамалға бармаған.
Ал хабари сипаттарды түсінудегі екінші бағыт
– Алла Тағаламен байланыстырыла айтылған тура
мағынасы белгілі бір ағзаны немесе жаратылғандарға тән
іс-әрекеттерді білдіретін сөздердің араб тіліндегі Ұлы
Жаратушыға лайық келетін басқа ауыспалы мағынасын
іздеп, астарлы мәніне жорамал жасау бағыты. Бұл бағыт
сәлафус-салихиндердің кезінде аз да болса кездесетін
(Олардың аттарын төменде арнайы атайтын боламыз).
Бірақ кейіннен ислам жағрафиясының кеңеюі нәтижесін-
де мұсылмандар арасында түрлі ағымдар пайда бола
бастаған шақта оларға қарсы тұру үшін бұл бағыттың
кеңінен өріс алғанын байқаймыз. Себебі, кейбір топтар
хабари сипаттардағы сөздердің тура мағынасын негізге
алып,
«Алланың көзі, жүзі, екі қолы, саусақтары, екі