Дін мен Діл-2
189
мен айналысқан мыңдаған адамның қуаты мен білімін,
уақытын ел экономикасын көтеретін өндіріске, басқа
да пайдалы салаға жұмылдыруға болатын еді. Бұған
қоса адамдарға бұл жұмыс түсіндірілген уақытта: «Сен
мұғалімсің, яки инженерсің, табысың өте төмен, бұл
жұмысқа кірсең арманыңды жүзеге асырып, байлықтың
астында қаласың» деп кісіні өзі сүйген мамандығынан,
қызметінен, оқуынан суытып, теріс пікір қалыптастырады.
«11 баспалдақ»
делінген кітаптың 20-бетінде, «
Кісіні осы
жұмысқа тартқан кезде оған бұл жұмыс пен өзі істеп
жүрген жұмысын яки басқа жұмыстарды салыстыр»
делінген. Яғни, бұл жұмыстың көп пайда әкелетіндігін, ал
басқа жұмыстардың түкке тұрмайтындығын насихаттай-
ды. Көптеген студеттердің осы компанияға тіркелгеннен
кейін оқуына бұрынғыдай көңіл аудара алмағандығы,
ұйқысыныңбұзылғандығы, тіпті кейбіреулері оқуларының
қажетсіз екенін ойлап, біржолата тастап кетпек болғаны
мәлім болды. Ал енді, елдің бәрі осы маркетингті қуалап
кетсе, халыққа қажетті түрлі мамандықтарды, елдің да-
муына үлес қосатын қызметтерді кім атқарады?
***
Осы жұмысқа байланысты қосымша сұрақ:
«QuestNet»
желілік маркетингінде жұмыс істеп
жүрген бірқатар студенттер осы жұмыс арқылы ақша тау-
ып, туысқандарына, тіпті араларында жетім-жесірлерге
көмектесетіндердің де бар екенін айтып, жұмыстың бұл
түрінің адал екендігін алға тартты.
Олардың бұл уәждеріне берер жауабымыз:
Исламда мақсат қандай асыл болса, оған апаратын
жолдар да сондай таза, пәк болуға тиіс. Мыңдаған адам-
дарды ақшаларынан қағып, бірнеше адамға жақсылық