Дін мен Діл-2
185
Бұл деген сөз кісіні белгілі бір іске мәжбүрлеу деген сөз.
Исламда мұндай сауда жоқ. Кісі толық өз еркімен ше-
шуге тиіс. Аталмыш кітаптың 20-бетінде:
«Алдыңдағы
адамның «жоқ» деген жауабын есту – жұмысымыздың
бір бөлшегі. Біз бұл жұмысқа көптеген адамның «жоқ,
қажет емес» деген жауабын есту үшін келдік. Бірақ
біздің жұмысымыз адамдардың «жоқ, қажет емес»
деген жауабын «иә, маған қажет» деген жауапқа
өзгертуде» делінген. Яғни, кісінің «қажет емес»
деген
сөзіне қарамастан, әртүрлі жолдармен өзіне бірінші ке-
зекте керек емес, қымбат тауарды алуына ықпал ету деген
сөз. Бұл исламда – харам. Шариғатта адамға мұнша әсер
етіп бір нәрсені сатуға тыйым салынады.
Адам психологиясына ықпалы бар осындай түрлі
тәсілдер мен айлалардың әсерінен үйлеріндегі жалғыз си-
ырын сатыпжібергендер де, несие алып қарызға батқандар
да жетерлік. Сөзіміз дәлелді болу үшін екі студенттің осы
жұмысқа кірген кездегі бастарынан өткен оқиғаларын
өзгертусіз толық күйінде беріп отырмыз.
***
«Менің есімім Эльвира. Мен Қазақтың ұлттық
университетінің 2-курста оқимын. Менің Quest
International компаниясында жұмыс істеп жүргеніме көп
бола қойған жоқ. Мені онда ең жақын досым шақырған.
Мен осы жұмыс жайында естіген кезде жұмысқа тұрмасам
бір жетістікке жете алмайтындай сезіндім. Сосын ақшаны
іздеуге кірістім. Көп жерден ақша сұрастырдым. 80000
теңгені еш жерден таба алмадым. Ендігі үмітім ауылдағы
ата-анам болды. Мен ауылға барып солардың күн көрісіне
жарап отырған жалғыз сиырын сатуға мәжбүрледім.
Ата-анам менен несін аясын, күнделікті сүтін сауып
отырған сиырын базарға апарып сатып жіберді. Қазір