180
Дін мен Діл-2
шығарған. Біз де аталмыш пәтуаларды ескерумен қатар
Қазақстандағы осы
«Quest net»
желілік маркетингінің
жұмыс істеу жобасын сараптай келе харам деген үкім
шығарып отырмыз. Оған дәлеліміз:
Біріншіден,
«QuestNet»
компаниясының саудаға
ұсынған өнімдерінің барлығы толықтай халал емес. Онда
христианпоптарыныңсуреттерісалынғаналтын бұйымдар
және түрлі ислами емес діни рәміздер мен ер кісілерге
арналған алтын қол сағаттар да бар. Ал ол бұйымдарды
өзің алмағаныңмен сенен кейін тіркелетін жүздеген, тіпті
мыңдаған адамдардың біреуі алған жағдайда одан түсетін
пайданың бір мөлшерін компания сенің кірісіңе кіргізеді.
Ал исламда табысыңа харам араластыру да – харам.
Екіншіден,
«QuestNet»
компаниясының саудаға
ұсынған өнімдері санаулы ғана санмен арнайы
шығарылатын коллекциялық бұйымдар. Ал ондай
өнімдердің ешқашан шынайы бағасын анықтау мүмкін
емес. Көп жағдайда коллекциялық бұйымдардың заттық
құны емес, онда бейнеленген мәшһүр адамдардың,
тарихтағы белгілі оқиғалардың, киелі жерлердің беделі
сатылады (Мысалы, Рим папасының бейнесі, 2008 жылғы
олимпиада секілді). Қысқасы компания коллекциялық
заттарға ойларына келген бағасын қоя алады. Ал Ислам
дінінде затты өзінің нарықтағы шынайы бағасынан аса
қымбатқа сату – харам. Шариғат терминінде нарықтағы
шынайы бағасынан аса қымбатқа сату
«әл-Ғабнул-
фахиш»
246
делінеді.
Үшіншіден,
сауда-саттықта негізгі мақсат – төленген
ақшадан белігілі бір заттың қарымын қайтару болып та-
былады. Саудада тауар негізгі мақсат болмаған жағдайда,
246
әл-Ғабнул-фахиш – Заттың нарықтағы негізгі құнынан аса қымбат
бағаға сатылуы. Сағди Әбу Жәйб, әл-Қамусул-фиқһи луғатан уа
фиқһан, Сирия, «Дарул-фикh» баспасы, 1998ж.